Күрделі жобалар

Қарашығанақ кен орнын игеру жобасы бойынша Қазақстан Республикасының мердігері бола отырып, КПО мердігерлік учаскедегі мұнай және газ шикізатын өндіру үшін қажетті барлық операцияларды мұнай және газ кен орындарын пайдаланудың ұтымды әлемдік тәжірибесіне сәйкес жүзеге асыру бойынша өзіне міндеттемелер алды.

2003 жылы Қарашығанақ кен орнын игерудің екінші кезеңінің бастапқы бағдарламасы аяқталғаннан кейін КПО жаңа ұңғымаларды бұрғылауды, қолданыстағы ұңғымаларға күрделі жөндеу жүргізуді, өндірістік объектілерді жаңғыртуды және өндірудің жоғары деңгейін ұстап тұру үшін қажетті басқа да жобаларды орындауды қамтитын ағымдағы жұмыс бағдарламасын қаржыландыруды және жүзеге асыруды жалғастыруда.

Қолданыстағы нысандарда газға шектеулер қойюға әкеліп соғатын газ факторының артуын болдырмау мақсатында 2014 жылдан бері КПО компаниясы Өндірістің жоғары деңгейлі мерзімін ұзартуға бағытталған жобалар бағдарламасымен жұмыс атқарып келеді, олар:

  • ҚӨК газы бойынша өндірістік шектеулерді алу (ҚГӨША) жобасы, бұл жоба тиісті қондырғылардың өнімділігін арттырудың арқасында газ дайындау қуатын жетілдіруді көздейді.
  • 4-ші газды кері айдау компрессоры, оның мақсаты – қабатқа айдалатын газдың жылдық орташа тәуліктік көлемінің деңгейін арттыру және қабат қысымын ұстап тұру тиімділігін арттыру.
  • 5-ші ішкі құбыр желісі және Газды Кері Айдау Ұңғымалары Жобасы жаңа ішкі құбыр желісінің, бұрғылау мен жаңа кері айдау ұңғымалардың аяқтаудың көмегімен ГКДҚ-2 ағынынан төмен кері айдау жүйесінің өнімділігін жетілдіруге бағытталған.

Жоғарыда аталған өндірудің жоғары деңгейін ұзарту жобалары сәтті жүзеге асырылды және аяқталды.

Қарашығанақ кеңейту жобасы

КПО кезеңдерге бөлініп жоспарланған Қарашығанақты кеңейту жобасының 1 кезеңі арқылы (ҚКЖ-1) Қарашығанақ кен орнын игеруді жалғастыруда. ҚКЖ-1 жобасы Қарашығанақ жобасы бойынша құрушы компаниялар мен Қазақстан Республикасына қосымша пайда әкелетіні рас. Бұл кен орнындағы өсіп келе жатқан газ факторымен (ГФ) байланысты мәселені шешу үшін қосымша ұңғымаларды, технологиялық және газды кері айдау нысандарын іске қосу арқылы тұрақты сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін сақтап тұрумен жүзеге асады.

2020 жылдың желтоқсан айында Құрушы компаниялар ҚКЖ-1А жобасын мақұлдау туралы келісімге қол қойды. ҚКЖ-1А жобасы ҚӨК газы бойынша өндірістік шектеулерді алу (ҚГӨША) және 4-газды кері айдау компрессоры (4-компрессор) жобаларын жүзеге асыру кезінде жеткен жетістіктер негізделіп орындалатын, Қарашығанақ кен орнын үздіксіз дамытудың жаңа кезеңін сипаттайтын үлкен жетістіктің бірі.

ҚКЖ-1 жұмыс көлемінің бірінші кезеңі – ҚКЖ-1А 5-ші газды кері айдау компрессоры мен басқа да ілеспе нысандарды қамтиды. ҚКЖ-1А жобасының мақсаты – ҚГӨША жобасы аясында Қарашығанақ өңдеу кешенінде орнатылған құрғату бойынша өндірістік мүмкіндіктерді қолдану арқылы газды кері айдау көлемін арттыру және оның жұмыс көлемін қолданыстағы жүйелермен, инженерлік желілермен және нысандармен біріктіру. Біріктірудің арқасында синергетикалық нәтижеге қол жеткізіліп, күрделі шығындарға келтірілетін ықпалды азайтылады. ҚКЖ-1А жобасын іске асыру кезіндегі КПО басты мақсаттарының бірі – жергілікті мердігерлердің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту мақсатында жергілікті қамтуды барынша арттыру.

Биылғы жылы ҚКЖ-1А жобасы сәтті алға жылжып, аяқталуға жақындады. Жобаның аяқталуы және газды кері айдау жұмысының басталуы 2024 жылдың үшінші тоқсанында күтілуде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен 2022 жылғы 25 қарашада Өкілетті орган («PSA» ЖШС) рұқсат берген ПРК1Б жобасы бойынша да жұмыстар жүргізілуде. ҚКЖ-1 жұмыс көлемінің екінші кезеңі – ҚКЖ-1Б 6-газды кері айдау компрессорын (6ГКАК), газды кептіру қондырғысын, кеңейту жуйесін және басқа да ілеспе нысандарды қамтиды. ҚКЖ-1А жобасы секілді бұл жобаның да мақсаты қолданыстағы нысандардың өндірістік қуатын барынша арттыру арқылы сұйық көмірсутектерді өндірісін барынша арттыру. ҚКЖ1A жобасы секілді бұл жобаны да сол топ басқарады. Бір жыл ішінде бұл жоба айтарлықтай алға жылжыды. Іргетас қаланды және металл құрылымдарын монтаждау жалғасуда. Сығу (компрессорлық) және газды кептіру (жеткізу мерзімі ұзақ) жөніндегі қондырғылар әзірленді және жеткізуге дайын.

6-шы магистралды құбыр және үш кері айдау ұңғымасы жобасы сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін барынша арттыруды көздейтін өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған жоба. Жақын жатқан ГФ-ы төмен ұңғымалардағы қысымды ұстап тұру және қойнауқатты жақсырақ басқару үшін жобаны жүзеге асыру барысында кері айдалатын газ көлемі кен орнының оңтүстік-батыс аумағына таратылады. Бұл құбыр жобасы 2024 жылдың наурызында сәтті аяқталып, пайдалануға берілді.

Қарашығанақ газ өңдеу зауытының жобасы

КПО жаңа газ өңдеу зауытының көмегімен тауарлық газды және сұйытылған көмірсутекті (мұнай) газды (СКГ) ақшалы ету есебінен Қарашығанақ кен орнынан алынатын экономикалық пайданы арттырудың перспективалық бағытын анықтады. Сондай-ақ, бұл КПО-ға сұйық көмірсутектерді өндіру қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Қарашығанақ газ өндеу зауытының (ҚГЗ) бұл перспективасы және жобаның экономикалық орындылығы қазіргі уақытта қаралуда.

ШОЛУ

КПО компаниясы Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 км2-дан астам аумақты алып жатырған Қарашығанақ мұнай, газ конденсатты кен орнының (ҚМГКК) операторы болып табылады. Қарашығанақ – күрт континенталды климатты аймақта орналасқанына байланысты пайдалану шарттары күрделі бірегей кен орны. Кен орнының қор қалыңдығы 1 600 м-ді құрайды, әрі аса күрделі және ерекше болып табылатын үстіңгі қабаты 3 500 м. тереңдікте орналасқан. Өндірілген көмірсутектерінің құрамында 4,5 %-ға дейін улылығы жоғары күкіртті сутегі (H2S) және белгілі бір жағдайларда коррозиясы жоғары болуы мүмкін көмірқышқыл газы (CO2) бар.

Қарашығанақ кен орнындағы мұнай, газ, конденсат және ілеспе компоненттер қорын қайта есептеу туралы соңғы КПО есебінің бағалауы бойынша (ҚР қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның 17.11.2017 күнгі отырысында қабылданған), Қарашығанақта 13,6 млрд баррель сұйықтықтар мен 59,4 трлн. текше фут газ бар, оның ішінде сұйықтықтардың 15,5 % және газдың 14,5 %-на жуығы 2023 жылға дейін өндірілген.

КПО Компаниясы экономикалық кірісті тұрақты көбейтуге және қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталған алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға едәуір қаражат салады. 1997 жылы Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге қол қойылғаннан бері 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша Қарашығанақ кен орнын игеруге жұмсалған жалпы инвестиция көлемі 31,3 млрд АҚШ долларынан асты. 2023 жылдың соңында КПО ұжымында 4 080 адам еңбек етуде.