Энергия тиімділігі

КПО болашақ ұрпақтардың өмір сүруіне қолайлы жағдайларды сақтау және энергия сыйымдылығын төмендету мен Қазақстан Республикасының экономикасын көміртексіздендіру жөніндегі мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосу үшін жауапкершілікті өзіне алады. Төмен көміртекті технологияларға көшуді жүзеге асыра отырып, энергетикалық ресурстарды өндіруді қамтамасыз ету алдымызда тұрған күрделі міндеттердің бірі болып табылады. Біздің қазіргі міндеттеріміз – энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жалғастыру және оларды бағалау, оның ішінде қол жетімді үздік технологияларды, энергия үнемдейтін жабдықты, экологиялық таза материалдарды пайдалану.

Энергия тиімділігі мен компанияның әсері бойынша қауіп-қатерді азайту мақсатында бірқатар міндеттер белгіленді, оларды іске асыру нәтижелері төменде келтірілген.

36-кесте.Энергия тиімділігі саласындағы міндеттер

2023 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2023 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2024 жылға қойылған міндеттер

Энергия менеджменті жүйесінің ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша сертификаттық аудитін өткізу

Орындалды

2023 жылдағы шілдеде КПО-да ISO 50001:2018 стандарты жаңа нұсқасы талаптарына сәйкестікке сертификаттау аудиті өткізіліп, сәтті аяқталған болатын. Аудит нәтижелері бойынша Компанияда бір де бір сәйкессіздік анықталған жоқ.

Энергия менеджменті жүйесінің ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша аудит өткізу

Компанияда жүргізілетін жыл сайынғы энергетикалық талдауды өткізу және энергия сыйымдылығына айтарлықтай әсер ететін жабдықтар/процестердің энергия тиімділігі көрсеткіштеріне мониторингті жалғастыру.

Орындалды

Компанияның 2023 жылғы энергетикалық талдауы жүргізілді. Компанияның энергия тиімділігі индикаторларының жүйелі мониторингі тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырылады.

Жыл сайынғы энергетикалық талдауды өткізу және энергия сыйымдылығына айтарлықтай әсер ететін жабдықтар/процестердің энергия тиімділігі көрсеткіштеріне мониторингті жалғастыру.

2023 жылға жоспарланған іс-шараларды орындау бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Орындалды

2023 жылға жоспарланған іс-шаралар жүзеге асырылды

Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру және КПО-ның Жасыл стратегиясы шеңберінде энергия тиімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктерді талдауды және іздеуді жалғастыру

Энергетикалық менеджмент жүйесі 

ISO бойынша сертификаттау КПО-ның заңнамалық талаптар мен халықаралық стандарттарға сәйкес болу үшін қажетті шараларды қабылдайтын Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі ретінде іскерлік беделін одан әрі нығайтуға себептес болады.

2023 жылдың шілде айында КПО-да ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестікті тексеру бойынша сертификаттық аудиті сәтті өткізілді. Аудит нәтижесінде КПО-ның энергетикалық менеджмент жүйесінің тиісті халықаралық стандарттарға сәйкестігі расталды.

ISO 50001:2018 талаптарына сәйкес КПО-да энергия тиімділігін арттыру мақсаттары мен көрсеткіштерін белгілеу және қарау үшін нұсқаулық ретінде пайдаланылатын Энергия саясаты әзірленді. КПО-ның энергетикалық саясаты кен орнын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарының ажырамас бөлігі болып табылады және Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал етеді. 

КПО компаниясы жеке экологиялық тазалық, жасыл ойлау және саналы тұтыну трендтерін қолдайды. Экологиялық және энергетикалық менеджмент жүйелерінің талаптарын барынша тиімді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Компания «Жасыл кеңсе» тұжырымдамасын енгізді және қолданады.

КПО-ның «Жасыл ережелері» экологиялық хабардарлықты арттыруға, жұмыскерлерді өзгерістерге итермелеуге және Компания қызметінің қоршаған ортаға жеке әсері мен ықпалын азайту жөніндегі іс-қимылдарға ынталандыруға арналған. Бұл ережелер барлық КПО, мердігер ұйымдардың персоналы және келушілерге қоршаған ортаны жақсартуға қалай үлес қосу керектігі туралы түсінікті және оңай нұсқауларды қамтиды.

Энергияны тұтыну 

Энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар шеңберінде КПО жыл сайын энергетикалық талдау және энергия тиімділігіне мониторинг жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша 2022 жылмен салыстырғанда, 2023 жылы КПО энергиялық сыйымдылығының 2,7 %-ға артуы байқалды, бұл ҚМГКК объектілеріндегі күрделі жөндеу жұмыстарымен және 2022 жылдағы 4-ші газды кері айдау компрессорының іске қосылуымен байланысты болды.

2023 жылы энергия ресурстарын жалпы тұтыну мөлшері 2022 жылғы 1 109 277 шартты отын тоннасымен салыстырғанда 1 189 548 шартты отын тоннаны құрады. 37-кестеде энергия түрлері бойынша энергияны тұтыну көлемдері берілген.

37-кесте.2021–2023 жылдары КПО-ның энергия ресурстарын тұтыну мөлшері

Энергия түрі

Өлшем бірлігі

Энергияны тұтыну, физикалық өлшем бірліктері

Энергияны тұтыну, шартты отын тоннасы

Энергия тұтыну, ГДж

2023

2022

2021

2023

2022

2021

2023

2022

2021

Отын газы

мың м3

962 528

897 582

832 863

1 185 834

1 105 821

1 026 088

34 756 795

32 411 614

30 074 639

Электр энергиясы (сатып алынған)

МВт*сағ

5 867

7 229

6 710

722

889

825

21 162

26 057

24 181

Дизель жанармайы

м3

700

760

705

883

958

888

25 881

28 079

26 027

Бензин

м3

233

233

228

257

258

251

7 533

7 562

7 357

Жылу (жалға алынған кеңселерде)

Гкал

12 948

9 448

10 388

1 852

1 351

1 486

54 282

39 598

43 555

БАРЛЫҒЫ

 

 

 

 

1 189 548

1 109 277

1 029 538

34 865 652

32 512 909

30 175 759

КПО-ның 2023 жылғы энергияны жұмсау көрсеткіші бір тонна көмірсутекке шаққанда 1,13 ГДж құрады, бұл Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығына12(1,4) есептерін берген компаниялардың энергияны жұмсау орта көрсеткіштерінен төмен. Осы салыстырмалы талдаудың нәтижелері энергияны айтарлықтай пайдаланатын салаларды және Компанияның энергетикалық сипаттамаларын жақсартуға бағытталған мүмкіндіктерді анықтау үшін, сондай-ақ энергетикалық саясатты айқындау және Компанияның энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру жөніндегі мақсаттарын, міндеттері мен іс-шараларын белгілеу үшін негіз болып табылады. 

12 Деректер көзі – «Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығы» (IOGP) ұйымының жыл сайынғы есептері – «Экологиялық көрсеткіштер бойынша 2022 жылғы деректер». Салыстыру үшін, 2023 жылы 2022 жылдың деректері қолданылады, өйткені 2023 жылғы IOGP есебі осы басылымды дайындау кезінде шығарылған жоқ. Аталған қауымдастыққа есеп берген компаниялардың 2021 жылғы орташа энергияны жұмсау көрсеткіштері IOGP есебіне сәйкес өзгертілді.

24-cызба.Энергияны жұмсау динамикасы, 2021–2023 жылдар

Энергияны сақтау шаралары

2023 жылы Компания 2022–2026 жылдарға арналған Энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру жоспарына сәйкес жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастырды. Бес жыл сайын өткізілетін энергетикалық аудит 2025 жылға жоспарланған. Энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру жоспарына сәйкес 2023 жылы келесі шаралар жүзеге асырылды:

  • Өндірістік және қосалқы объектілерде шамдарды жарықдиодты шамдарға алмастыру жұмыстары жалғасты. 2023 жылы Компания объектілеріндегі шамдардың 990 данасы ауыстырылды. Шамдарды ауыстыру шараларының нәтижесінде жылына үнемделген электр энергиясының есептелген көрсеткіші шамамен 266 045 кВт*сағ құрады. 2019–2023 жылдар аралығында 12 564 шам ауыстырылып, 1 651 845 кВт*сағ көлемінде энергия үнемделді. Отын газы бойынша есеп беру процесін жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғастырылды.
  • КПО кеңселерінде «Жасыл кеңсе» жобасын енгізу жоспарын іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылды.
  • КПО Әкімшілік ғимаратын электрмен жабдықтау үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мүмкіндігіне бағалау жүргізілді.

Сондай-ақ, Жасыл стратегия шеңберінде 2023 жылы бірқатар зерттеулер жүргізілді, Энергетикалық тұжырымдаманың мақсаттарына қол жеткізудің көптеген сценарийлері бағаланды, оның ішінде ең жақсы қолжетімді технологияларды қолдануды және энергия үнемдейтін жабдықтарды орнатуды қоса алғанда, энергиялық тиімділік жөніндегі іс-шараларды енгізу мүмкіндіктері қарастырылды.

Экологиялық хабардарлық пен мәдениетті арттыру

КПО-да Компания жұмыскерлері мен мердігерлері арасында «экологиялық (жасыл) ойлау» қағидаттары белсенді түрде насихатталады. Экологиялық хабардарлық пен мәдениет жөніндегі іс-шаралар компания ресурстарына ұқыпты қарауға ынталандырып, жұмыскерлердің «жасыл» технологиялар мен тәжірибелерді енгізуге деген адалдығын арттырады.

2023 жылы КПО Экологиялық хабардарлық пен мәдениетті арттыру бағдарламасы аясында КПО компаниясы мен мердігер жұмыскерлері арасында бірқатар іс-шаралар өткізді.

2023 жылғы 2 маусымда «ESG қағидаттары мен тұрақты дамудың интеграциясындағы жаңа трендтер» өзекті тақырыбына арналған VI Uralsk Green Forum Орал Жасыл форумы өткізілді. Форумға 170-тен астам адам қатысты. Қатысушылардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің өкілдері, сондай-ақ табиғат пайдаланушы компаниялардың, экологиялық қауымдастықтардың өкілдері, экология және жасыл бетбұрыс саласындағы сарапшылар мен мамандар, республикалық және өңірлік БАҚ, студент жастарының өкілдері.

VI Орал Жасыл форумы аясында «Бизнесті тұрақты дамыту мен ESG негіздері» семинары өтті, онда климат өзгерудің саяси экономикасы, тұрақты дамудың қатерлерін басқару, корпоративтік басқару және тұрақты «Жасыл» қаржылар сияқты тақырыбтар қарастырылды. Бейнематериады келесі сілтеме арқылы табуға болады.

2023 жылғы 22 желтоқсанда КПО-ның мердігер ұйымдары үшін «ҚР Экологиялық Кодексі» тақырыбына семинар өткізілді. Мердігер ұйымдар мен оператор қарым-қатынастары. Мердігер ұйымдардың ҚР Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкестігі. Семинарға 100-ден астам тыңдарман қатысты.

2023 жылы КПО-ның Экологиялық тұжырымдамасы әзірленді, ол Компанияның 2037 жылға дейінгі экологиялық мақсаттарға қол жеткізудегі стратегиялық көзқарасы болып табылады және Компанияның қоршаған ортаға әсерін азайту жөніндегі қызметін айқындайды.

Белгіленген мерзімдерде қойылған экологиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін КПО Экологиялық Жұмыс Бағдарламасы әзірленді, ол қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуды және Компанияның тұрақты дамуын қалыптастыруды одан әрі қамтамасыз етудің іс-шаралары мен нақты міндеттерін айқындады.

2023 жылы КПО «Eni Award 2023» – ке қатысып, «Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау күніне» орай Eni құрушы компаниясының ҚТ және ҚОҚ саласындағы арнайы сыйлығын алды. 2023 жылғы Экологиялық сыйлық кен орнында суды пайдалануды азайту және оңтайландыру жобасын тиімді жүзеге асырғаны үшін берілді.

2023 жылдың шілдесінде КПО-да қолданылатын EnvAR атты Экологиялық аспектілер тізілімдерін басқарудың электрондық жүйесі бойынша оқыту бейнеролигі шығарылды. Бұл жүйе КПО-ның әрбір қызметкеріне барлық экологиялық аспектілер және қоршаған ортаға әсерді барынша азайтудың қолданыстағы бақылау шаралары бойынша анықтамалық нұсқаулық ретінде қолжетімді.

2023 жылы КПО-ның 250-ден астам қызметкері Орал және Ақсай қалаларын абаттандыру және тазалау бойынша науқандарға қатысты. Осындай науқандар адамдардың қалдықтар мәселесіне қатысты көзқарасын өзгертуге және қалдықтардың түзілуін барынша азайтуға ықпал етеді.

«Жасыл кеңсе» жобасы

2020 жылдан бастап компанияда «Жасыл кеңсе» жобасы енгізілді, оның мақсаты қоршаған ортаға саналы қамқорлықты қалыптастыру және компания кеңселерінің экологиялық ізін барынша азайту болып табылады.

2023 жылы «Жасыл кеңсе» жобасының іс-шараларын енгізу жоспары шығарылды. Жоспарда су мен энергияны үнемдеу, қалдықтарды бөлектеп жинауды (РСО) енгізу және бірреттік пластикалық ыдыстардан бас тарту бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді іс-шаралар қамтылған, сондай-ақ «2030 жылға қарай пластикалық қалдықтардан толықтай бас тарту» мақсаты қойылған. Осы іс-шаралардың нәтижесінде Компанияның Орал және Ақсай қалаларындағы жалға берілетін кеңселерінде бір реттік ыдыстарды тұтыну көрсеткіші, 2019 жылмен салыстырғанда 75 %-ға төмендеді.

Жасыл кеңсе жөніндегі нұсқаулық кеңселерде пайдаланылатын табиғи ресурстарды үнемдеуге, қызметкерлер үшін қолайлы микроклимат құруға және экологиялық инфрақұрылымды енгізуге бағытталған ұсыныстарды қамтиды.

2023 жылы «Жасыл кеңсе» жобасын және Көшбасшылық және қауіпсіздік мәдениет бағдарламасын ілгерілету шеңберінде, Компанияның кеңселерінде бірреттік пластикалық ыдыстарды пайдалануды азайту үшін Қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және өндіріс тұтастық жөніндегі директорат КПО-ның барлық қызметкерлеріне экологиялық таза ыдыс-аяқ жиынтықтарын сыйға тартты.

Осы есептің электрондық нұсқасында оқырмандар «Қағаз стақандарына жоқ деп айт!» бейнесін және «Жасыл кеңсе жобасы» атты презентациясын қарай алады.

БІЗ ҮШІН БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

КПО отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) жеткізуші және тұтынушы бола отырып, Қазақстан Республикасындағы жетекші мұнай-газ компанияларының қатарына кіреді және отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану және компанияның энергия тиімділігін арттыру қажеттілігін мойындайды.

Қазақстанда энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы көміртекті реттеу мен талаптарды күшейту саясаты КПО үшін елеулі сын-қатерлер көрсетеді. Парниктік газдардың негізгі эмитенттерінің бірі және сонымен бірге еліміздегі отын-энергетикалық ресурстарды тұтынушы ретінде Компания жаңа стандарттар мен нормаларға бейімделу қажеттілігіне тап болды.

КПО акционерлермен, мемлекетпен, өкілетті орган “PSA” ЖШС-мен және басқа да мүдделі тараптармен кен орнының болашақ даму стратегиясын бірлесіп айқындау және қолданыстағы жағдайларда өзін-өзі ақтамайтын, бірақ ұзақ мерзімді перспективада құндылығы бар технологияларға инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін белсенді диалог жүргізеді.