Жергілікті қамтуды дамыту
Қарашығанақ кен орнын игеру басталғаннан бері КПО компаниясы қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді тарту арқылы Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша белсенді жұмыс істеуде. Бұл Қарашығанақ жобасы үшін сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінде отандық өндірістің тауарлары, көрсетілетін қызметтері мен жұмыстарының импортын азайтуды және көлемін ұлғайтуды көздейді.
КПО 2001 жылдан бері Қарашығанақ жобасында жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын жүзеге асырып келеді. 2022–2023 жылдарға арналған бағдарлама мақсаты ҚР мемлекетінің машина жасау, индустрияландыру мен цифрландыру және КПО-ның жергілікті қамту саласындағы корпоративті саясатына сәйкес келеді. Бұл бағдарлама жергілікті қамтуды дамытуға қатысты мақсаттар мен тапсырмаларды, сонымен қатар қызметті тиімді бақылауға мен бағалауға арналған негізгі көрсеткіштерді белгілейді.
2023 жылы КПО-ның жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған бастамаларының арқасында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- Қарашығанақ жобасындағы тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетудегі жергілікті қамтудың үлесі 2023 жылы 63,24 % құрады (756,1 млн АҚШ долларына тең).
- 49 млн АҚШ долларына қазақстандық өнімдер сатып алынды, бұл барлық сатып алынған көлемнің 24,4 %-ын құрайды (оның ішінде жергілікті қамту үлесі СТ-КЗ13 сертификаты бойынша 10,8 % құрайды).
13 Тауардың Қазақстан аумағында өндірілгенін немесе қайта өңделгенін растайтын сертификат. Бұл сертификат Қазақстан аумағындағы пайдалануға арналған, мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың немесе мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде.
29-cызба.КПО сатып алуларының жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі, 2014–2023 жылдар
1997 жылы ӨБТК-ге қол қою сәтінен 2023 жылдың соңына қарай Қарашығанақтағы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтудың жиынтық үлесі 10,12 млрд АҚШ долларынан асты.
Компания Қазақстанда өндірілген тауарларды сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыруға ерекше көңіл бөледі.
2023 жылы Қазақстанда Қарашығанақ жобасының қажеттіліктері үшін келесі тауар түрлерін өндіруге 77 миллион АҚШ долларынан астам сомаға құрайтын 22 келісімшартқа қол қойылды: электр жабдықтар (таратқыш тораптар, трансформаторлар, қашықтықтан басқаратын телеметрия блоктары), клапандар, трансформаторлар, ЖҚҚ, сүзгіш элементтер, БӨАмА, құбыр бұйымдары және т. б.
«Қазақстандық тендерлер» өткізу жергілікті өндірушілер мен жабдықтаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі. 2023 жылы КПО жалпы сомасы 60,5 млн АҚШ долларын құрайтын 7 «қазақстандық тендерді» тек қана жергілікті компаниялар арасында өткізді. Нәтижесінде КПО жалпы сомасы 140 мың АҚШ долларын құрайтын бір келісімшарт жасасты. Қалған тендерлер бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
51-кесте.2021–2023 жылдары КПО өткізген «қазақстандық» тендерлер
Кезең |
Өткізілген тендерлер |
Жасалған келісімшарттар |
||
Тендерлер саны |
Өтінім сомасы, |
Саны |
Келісімшарттың жалпы сомасы, |
|
2021 |
12 |
50,2 |
11 |
22,2 |
2022 |
10 |
383,8 |
6 |
62,7 |
2023 |
7 |
60,5 |
1 |
0,14 |
КПО орналасқан аймағы – Батыс Қазақстан облысында (БҚО) жергілікті жеткізушілердің тұрақты дамуын нығайту шеңберінде 2023 жылдың нәтижесі бойынша КПО БҚО кәсіпорындарына тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсеткені үшін 717,76 млн АҚШ долларын төледі, оның ішінде жергілікті қамту үлесі 492,17 млн АҚШ долларын немесе 68,6 % құрады.
Сонымен қатар, КПО жергілікті бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру мақсатында БҚО кәсіпорындарын, соның ішінде машина жасау секторының кәсіпорындарын нарықты зерттеуге және тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тендерлеріне, сондай-ақ Компания өткізетін түрлі іс-шараларға қатысуға тұрақты түрде шақырып тұрады. Төменде 2023 жылғы нәтижелер келтірілген.
52-кесте.БҚО-ға тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу бойынша КПО жергілікті қамту үлесі, 2023 ж.
Сипаттамасы |
Келісімшарттар саны |
Мердігерлер саны |
Шығындар, млн. АҚШ доллары |
Жергілікті қамту үлесі, % |
Жергілікті қамту үлесі, млн. АҚШ доллары |
Тауарлар |
113 |
58 |
60,10 |
13,51 % |
8,12 |
Жұмыстар |
40 |
24 |
483,53 |
66,53 % |
321,70 |
Қызметтер |
199 |
104 |
174,12 |
93,23 % |
162,34 |
БАРЛЫҒЫ |
352 |
165 |
717,76 |
68,6 % |
492,17 |
53-кесте.БҚО-ға тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу бойынша КПО жергілікті қамту үлесі, 2022 ж.
Сипаттамасы |
Келісімшарттар саны |
Мердігерлер саны |
Шығындар, млн. АҚШ доллары |
Жергілікті қамту үлесі, % |
Жергілікті қамту үлесі, млн. АҚШ доллары |
Тауарлар |
184 |
60 |
58,26 |
12,62 % |
7,35 |
Жұмыстар |
38 |
17 |
142,85 |
64,76 % |
92,51 |
Қызметтер |
203 |
106 |
184,38 |
92,18 % |
169,96 |
БАРЛЫҒЫ |
425 |
162 |
385,49 |
70,0 % |
269,82 |
Ұзақ мерзімді бастамалар
КПО компаниясы Қазақстандағы мұнай-газ тауарлары өндірісін дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталығымен» (IMBС) белсенді ынтымақтасады. Бұл тұрғыда IMBC ірі мұнай-газ Операторлары мен Қазақстан Республикасының машина жасау саласының кәсіпорындары арасындағы байланыстырушы көпір ретінде әрекет етеді.
Орталық қызметін үш Оператор – КПО, ТШО және НКОК атынан жүргізеді және де Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен, Энергетика министрлігімен, «PSA» ЖШС Өкілетті органымен, сондай-ақ Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығымен (КЭА) және Қазақстан машина жасаушылар одағымен тығыз әрекеттеседі. IMB орталығының негізгі міндеті Қазақстандағы мұнай-газ тауарлары өндірісінің тұрақты дамуына жәрдемдесу және Операторлардың сатып алу үдерісіндегі жергілікті қамту деңгейінің арттыру болып табылады.
2021 жылғы 8 сәуірде қол қойылған үш ірі операторы мен IMB орталығы арасындағы Өзара қарым-қатынас туралы келісім шарт шеңберінде IMB орталығы жыл сайын Операторлардың кейіннен мақұлдауы үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштерімен жылдық жұмыс жоспары мен бюджетті дайындайды. Жылына үш рет орталық мүшелерінің жалпы жиналысының отырысы өткізіледі, онда бекітілген жылдық жоспарды іске асыру және есепті кезең бюджетінің атқарылуы жөніндегі мәселелер қаралады, сондай-ақ келесі жылға арналған жылдық жоспар мен бюджет бекітіледі.
2023 жылы IMB орталықтың бекітілген жылдық жоспары мен бюджет шеңберінде А және В тауар топтары өндірушілерінің (клапандар, электротехникалық және бақылау-өлшеу аспаптары, құбыржолдар, сорғыштар мен тығыздағыштар, ауаны баптау жүйелері (ЖЖАБ) және технологиялық сүзгілер) нарығын талдау бойынша, оның ішінде Операторлардың талаптарын ескере отырып, олардың өндірістік әлеуетін бағалау мақсатында жұмыс жалғастырылды.
Сонымен қатар, 2023 жылы Операторлар IMB орталықтың жұмысын жалғастыру үшін С тауар тобының санаттарын анықтады. С тауар тобына көтеру механизмдер, жылу алмастырғыштар, ауа салқындатқыштар, өртке қарсы жабдықтар, оқшаулау және химиялық заттар кіреді.
IMB орталығының негізгі қызметі – талдау, болжау, шешімдер ұсыну және өндірушілерге техникалық қолдау көрсету. Осыны ескере отырып, олар отандық компаниялар үшін қуаттылықты арттыру бойынша әлеуетті дамыту жоспарларын әзірлейді. Болашақта «сынама тапсырыстарын» орналастыру осы жоспарлардың қаншалықты сәтті жүзеге асырылатындығына байланысты.
КПО-ның IMB орталығымен өзара іс-қимылы нәтижесінде 2022–2023 жылдары жергілікті тауар өндірушілермен жалпы сомасы 94 млн АҚШ долларынан астам 9 келісімшарт жасалды. АҚШ ҚР аумағына инвестициялар тарту және өндірісті дамыту мақсатында КПО 2023 жылы қол қойылған жол карталарын жүзеге асыру үшін бірегей жабдық өндірушілермен (OEM) жұмысты жалғастырды. Жергіліктендіру бойынша мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында КПО «ОЕМ» санатына жатпайтын импортталатын тауарларды зерттеуге кірісті. Мұндай тауарларды жергіліктендіру тұрақты сұраныс болған және тауарлардың Компанияның техникалық талаптарына сәйкестігі жағдайында қарастырылады.
2019 жылы бірегей жабдық өндіруді жергіліктендіру бастамасы күшіне енген кезден бастап КПО тауарларды жергіліктендіруге бағытталған 16 «жол картасына» қол қойып, жылыту жүйесінің элементтерін, H2S дербес газ детекторларын, клапандарды, қашықтықтан басқаратын телеметрия блоктарын, ұңғыманы басқару панелін жеткізуге арналған бірегей жабдық өндірушілерімен 21.6 млн. АҚШ доллары сомасына 6 келісімшарт жасасты. КПО жол карталарын жүзеге асыруын жалғастырады, оның аясында қосымша инвестициялар тарту көзделген.
Жергілікті қамту мәселелері бойынша өзара әрекеттесу
Жергілікті қамту үлесін ұлғайту және дамыту мақсатында КПО жергілікті және халықаралық жеткізушілерді, өкілетті мемлекеттік органдарды (Энергетика Министрлігі, «PSA» ЖШС, БҚО әкімдігі), сондай-ақ «Қазақстан машина жасаушылар одағы», «Petrocouncil.kz» мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі кеңесі», «Қазақстанның мұнай сервистік компанияларының одағы «KAZSERVICE» сияқты жергілікті қамтуды дамыту қауымдастықтарды ағымдағы сатып алу көлемдерімен және алдағы кезеңге арналған жоспарлармен танысу мақсатында жүйелі түрде іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Компания ағымдағы операциялық қызметі аясында және күрделі жобаларға қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтер (ТЖҚ) туралы, сондай-ақ олардың техникалық шарттары мен сипаттамасы туралы ақпаратты бөліседі.
Компания Қазақстан Республикасының отандық жеткізушілерін дамытудағы бастамаларын толығымен қолдайды және Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру үшін жергілікті тауар өндірушілерді көбірек тартудың маңыздылығын түсінеді. Осы мақсатта КПО отандық компаниялардың қатысуын жеңілдету үшін сатып алу процесі механизмін енгізді. Осы орайда компания үшін де, ҚР Өкілетті органы мен жергілікті өндірушілер үшін де Қазақстан Республикасындағы шикізат нарығы шектеулі болғандықтан Қазақстанда өндірілген тауарлардың сапасымен және де тауарлардың өзіндік құнының қымбаттауымен байланысты қатерлер бар, сонымен қатар салық салу жүйесі мен халықаралық стандарттар бойынша сертификаттау талаптарының өзгеріп тұруына қатысты қатерлер бар.