Цифрландыру және үздіксіз жетілдіру
2023 жылы цифрлық трансформация жолында қол жеткізген жетістіктер бізді жігерлендіреді. Кешенді стратегияның, трансформацияның айқын мақсаттарының, тиімді мониторингтің, цифрлық технологиялардың түбегейлі өзгерістерінің және персоналдың кәсіби дамуының қажеттілігін мойындай отырып, КПО мұнай-газ саласында өзінің цифрлық әзірлігін арттыруда және жаңа стандарт бекітуде елеулі табыстарға қол жеткізді.
2023 жыл Компания үшін маңызды жыл болды: біз ағымадағы цифрлық әзірлік деңгейімізді анықтадық және цифрлық мүмкіндіктерімізді қажетті деңгейге арттыруға арналған кешенді цифрландыру стратегиясын әзірледік. Біздің стратегиямыз алты негізгі портфолио бойынша жобаларды қамтитын Цифрландырудың жол картасында баяндалған: базалық деңгей, өндіріс, ЕҚ, ҚТ, ҚОҚ және қауіпсіздік процестерін автоматтандыру, бэк-офис процестерін цифрландыру, цифрлық трансформацияның табысын қамтамасыз ету және киберқауіпсіздіктің жетілу бағдарламасы.
2023 жылы цифрландырудың негізгі жетістіктері мыналарды қамтиды:
- Телеметрияның II кезеңінің аяқталуы: 15 ұңғыма үшін жоспарланған телеметрия сәтті аяқталды, бұл нақты уақытта деректерді алуға мүмкіндік береді. Бұл негізгі жоба бұрғылау алаңдарындағы персоналдың әсерін азайтуға және деректерді талдаудың дәлдігі мен жиілігін арттыруға мүмкіндік берді, бұл пайдалану қауіпсіздік пен тиімділік саласындағы айтарлықтай алға жасалған қадам.
- Автокөліктерге тапсырыс беру қызметінің пилоттық жобасы. Автокөлікке тапсырыс беру қызметінің іске қосылуы автопаркімізде көліктерді пайдалану форматын өзгертуге мүмкіндік берді және оларға тапсырыс беру процесін автоматтандырды. 2024 жылға жоспарланған бұл жоба ресурстар мен өндірістік процестерді оңтайландыруға біздің бейілділігімізді көрсетеді.
- Udemy электрондық оқыту платформасын біріктіру: Біз үздіксіз оқытуды ілгерілету мақсатында Udemy-мен серіктестігімізді тек 2023 жылы бастадық. КПО жұмыскерлері іскерлік дағдыларды (36,3 %), техникалық дағдыларды (51,4 %) және жеке тұлғаны дамыту дағдыларын (12,3 %) дамытуға баса назар аудара отырып, 650 сағаттан астам оқудан өтті. Танымал курстарға Microsoft Power BI, Python, Excel, Data Science және Machine Learning кірді, бұл біздің жұмыскерлерімізге цифрлық дәуірде қажетті дағдыларды ұсынуға деген ұмтылысымызды көрсетеді.
- Сапарға өтінім беру процестерін цифрландыру және жұмыс уақытын есепке алу кестелерін бекіту: электрондық қолтаңба арқылы өтінімдерді бекітуді енгізу бірқатар артықшылықтар әкелді. Осы цифрлық түрлендірулер арқылы біз қол жеткізген негізгі артықшылықтар:
- Тиімділік пен жылдамдықты арттыру. Цифрлық процестерге ауысу және электрондық қолтаңбаларды көмегімен бекіту сапарларды келісу және жұмыс уақытын есепке алу кестелерін тапсыру рәсімдерін айтарлықтай жеделдетті. Енді жұмыскерлер іссапарларды, сапарларды және уақыт кестелерін жылдам үйлестіре алады, бұл осы процестердің тиімділігін айтарлықтай арттырды және оларды ресімдеу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берді.
- Қағаз пішіндерінен бас тарту: Дәстүрлі қағаз пішіндерден цифрлық пішімдерге ауысу арқылы біз физикалық құжаттарға тәуелділікті азайттық. Цифрлық процестерге ауысу – қағазды пайдалану мен қалдықтарды азайту арқылы экологиялық тұрақтылық саласында мақсаттарымызға жетуге көмектеседі. Ол сондай-ақ деректерді есепке алуды, сақтауды және іздеуді жеңілдету арқасында біздің жұмыстарымыз жүйелі болуына және қатеге аз ұшырауына қамтамасыз етеді.
- Шығындар төмендеуі. Бұл процестерді цифрландыру қағаз, басып шығару және физикалық сақтау шығындарының төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар, мақұлдау циклдерін жеделдету және әкімшілік үстеме шығындарды азайту арқылы тиімділікті арттыру біздің жұмыскерлерге құжаттарды қолмен өңдеуге алаңдамай, негізгі жұмысына көбірек уақыт пен ресурстар бөлуге мүмкіндік берді.
- Жетілдірілген қауіпсіздік және талаптарға сәйкестік Цифрлық процестер мен электрондық қолтаңбалар бақылау журналдары мен шифрлауды енгізу арқылы қауіпсіздік деңгейін арттырады. Бұл шаралар дерекқор мен құпия құжаттарды қорғауды күшейтеді. Бұл реттеуші талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар құпия ақпаратты қорғау арқылы клиентеріміз бен серіктестерімізге сенімді арттырады.
- Қашықтан және икемді жұмыс істеу мүмкіндігі. Цифрлық шешімдерді енгізу қызметкерлеріміздің икемділігі мен бейімделуін арттырды. Жұмыскерлер енді кез келген жерде және кез келген уақытта құжаттарды тапсыра және мақұлдай алады, бұл әсіресе қашықтан жұмыс істеу кезінде және әртүрлі жағдайларда бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан ыңғайлы.
- Жұмыскерлердің қанағаттануының артуы. Сапарларды және табелдерді рәсімдеу процесін оңтайландыру стресс деңгейін айтарлықтай төмендетті және ыңғайлы жұмыс ортасын құруға ықпал етті. Пайдаланудың қарапайымдылығы мен тиімділігі жұмысқа қанағаттану мен қатысудың артуына ықпал етеді, өйткені жұмыскерлер әкімшілік рәсімділіктерге емес, өздерінің негізгі міндеттеріне көбірек көңіл бөле алады.
- Пайдасы: Бұл жобалар, басқалармен қатар, КПО-ның цифрлық трансформациядағы шеберлігін көрсетіп қана қоймай, операциялық тиімділікті арттыру, қауіпсіздік деңгейін арттыру, ресурстарды оңтайландыру және жұмыскерлердің мүмкіндіктерін кеңейту сияқты айтарлықтай пайда әкелді. Цифрландыруға белсенді көзқарасымыздың арқасында КПО-ға мұнай-газ саласында өсуге, орнықты дамуға және бәсекелестік артықшылықтарға ықпал ететін технологияларды қолдануда көшбасшы болуға мүмкіндік берді.
Болашаққа бағдарлана отырып, КПО өндірістік қызметті одан әрі жетілдіру, біздің персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлемдік энергетикалық сектордың дамуына үлес қосу үшін цифрлық инновацияларды қолдануға бағытталған. Соңғы жаңартулардан хабардар болыңыз, өйткені біз цифрлық трансформация саласында көшбасшылықты жалғастырамыз.
Үздіксіз жақсарту
Цифрландырудың артықшылықтарын барынша пайдалану үшін біздің компания үздіксіз жетілдіру тобын (бұдан әрі – СI) құрды. 2023 жылы ENI компаниясының қатысуымен Lean Six Sigma (LSS) бойынша оқыту курсы өткізілді, нәтижесінде КПО-ның 15 жұмыскер «Алты Сигма Сары белдеуінің» сертификаттарын алды. Курстың негізгі мақсаты бизнесті жақсарту бойынша жалпы түсінік қалыптастыру, айтарлықтай үнемдеу жүйесін құру, операциялық шығындарды азайту және процестердің орындалу уақытын оңтайландыру болды.
Киберқауіпсіздік жетілу бағдарламасы
Киберқауіпсіздік департаменті 2022 жылдың соңында құрылды және мұнай-газ саласындағы ең ірі компаниялардың бірі үшін қажетті деңгейге жету үшін 2023 жылы Киберқауіпсіздіктің жетілу бағдарламасы іске қосылды.
2023 жылы киберқауіпсіздікті дамыту бағдарламасының негізгі нәтижелері:
- Киберқауіпсіздік туралы хабардар болу және білім беру науқаны 2023 аяқталды. Бұл науқан киберқауіпсіздік бойынша оқыту сабақтарынан, фишингтік модельдеулерден, ойындардан және ай сайынғы ақпараттық бюллетеньдерден тұрды. Жұмыскерлерге фишинг, мақсатты фишинг, төлем бағдарламалары, зиянды бағдарламалар, әлеуметтік инженерия схемалары және басқа қауіптер сияқты киберқауіптерден қалай сақтану керектігі туралы ақпарат берілді.
Бұл науқанның тиімділігінің басты дәлелдерінің бірі имитациялық фишинг нәтижелері болып табылады: 2023 жылы ықтимал қауіпті электрондық хаттар туралы хабарлаған пайдаланушылардың саны 303 %-ға өсті. Бұл маңызды жетістік, өйткені ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша барлық кибершабуылдардың 91 %-ы күдікті хаттардан басталады, ал олардың табысқа жетуінің себебі адами фактор болып табылады. - Қауіпсіздікті басқару орталығын (ҚБО) пилоттық енгізу басталды, оны 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бұл орталықты құрудың құндылығы тәулік бойғы мониторингте, күдікті әрекеттерді автоматты түрде анықтауда және алдын-алуда, сондай-ақ ұсыныстар берумен әрекеттерді талдау мен корреляцияда көрінеді. Кибершабуылдар күрделене түсуде және біздің мақсатымыз – қауіпсіздік жүйесін үнемі жетілдіру.
Бүкіл әлем цифрлық технологияларға көшіп жатыр, егер біз бұл мұнай-газ бизнестің ел мен инвесторлар үшін тартымдылығын сақтап қалғымыз келсе, КПО бұл үрдістен шетте қалмауы керек. КПО-да іске асырылған пилоттық жобалардың кейбірі бизнеске шынында ықпал ететінін көрсетіп отыр, мысалы, жұмыскерлерге төнетін қауіп-қатерді азайту, жұмыс процестерінің, шығындардың тиімділігін арттыру және тағы басқа.
Қазіргі таңда АТ / цифрлық ресурстар бізді іскерлік те, жеке де өмірде қоршайды. Сол себептен, оларды қалай қауіпсіз пайдалану керектігін білу өте маңызды. Сонымен қатар, киберқауіпсіздік фишинг, бопсалаушы-бағдармалар немесе мақсатты шабуылдар секілді киберқауіптен КПО-ның құнды ресурстарын (атап айтқанда адамдарды, ақпараттық деректер мен қосымшаларды) қорғаудың стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудағы шарттардың бірі болып табылады.