Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Қалдықтарды басқару
Қалдықтарды басқару
КПО-дағы қалдықтарды басқару іс-әрекеті түзілетін қалдықтардың адамдар мен қоршаған ортаға нақты және ықтимал қаупін азайтуға бағытталған. Міндетіміз — нысандарымыздағы қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, полигондарға шығарылатын қалдықтар көлемін және көмілген қалдықтардың кері әсерін азайту, сондай-ақ жаңа әдістер мен технологияларды зерттеу және қолдану.
КПО қабылдайтын түзілген қалдықтардың көлемін қысқарту бойынша шаралары, қалдықтарды жинау және сақтау, оларды жинау және тасымалдау кезінде экологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтау, қалдықтарды сұрыптау, қайта пайдалану, қайта өңдеу және қауіпті қасиеттері мен көлемін азайту бойынша шаралары, оларды ҚО үшін қауіпсіз көму адамдарға және қоршаған ортаға теріс әсерін едәуір азайтуға ықпал етеді.
КПО-ның 2021-2023 жылдарға арналған қалдықтар мәселесін басқару бағдарламасында жинақталған және түзілетін қалдықтардың көлемі мен қауіпті қасиеттер деңгейін біртіндеп азайту бойынша көрсеткіштер мен шаралар қарастырылған.
Компанияда қалдықтарды өңдеудің келесі әдістері қолданылады:
- қалдықтарды өндіріс үдерісіне қайта жіберу;
- қалдықтарды Экоорталық қондырғыларында қайта өңдеу;
- қалдықтарды Экоорталық нысандарына көму;
- қалдықтарды кейінгі орналастыру, қайта өңдеу және жою үшін мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға жіберу.
2021 жылы КПО нысандарында түзілген қалдықтардың жалпы мөлшері 19 660 тоннаны құрады. 2020 жылмен салыстырғанда КПО-ның 2021 жылғы қалдықтар көлемі 13 518 тоннаға азайған. Қалдықтардың түзілу көлемінің төмендеуі, негізінен, ҚМГКК аумағындағы бұрғылау бағдарламасының қысқаруымен, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу бойынша айналмалы пеш қондырғысын жөндеу мақсатында тоқтатылуымен байланысты. Төмендегі сызбада КПО қалдықтарының барлық түрлері көрсетілген.
Біріңғай республикалық қалдықтар бойынша есеп берудің ақпараттық жүйелер формасына сәйкес 2021 жылғы түзілген қалдықтардың жалпы көлеміне түзілген қалдықтар, сондай-ақ қайта өңделген қалдықтар да жатады.
2019-2021 жж. КПО нысандарындағы түзілген қалдықтар мөлшері, тонна
Ескерту: Тұрмыстық қалдықтар өндіріс қалдықтарымен салыстырғанда олардың көлемінің аз болуына (6%-дан кем) байланысты осы есептеуде ескерілмеген. Тұрмыстық қалдықтар төменде қалдықтарды басқару әдістері туралы кестеде берілген.
Төгілулер
2021 жылы Қарашығанақ кен орны аймағында айтарлықтай төгілулер тіркелген жоқ.
КПО оқиғалар жіктеліміне сәйкес, «елеулі төгінді» анықтамасы топыраққа не суға көмірсутектердің/химикаттардың төгілуі арқылы қоршаған ортаны ластауға әкелген, сондай-ақ төгілген көмірсутектер/химиялық заттардың көлемі 1 000 литрден асқан оқиғаға қолданылады.