ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қалдықтарды өңдеу тәсілдері

2021 жылы Компания ескі қатты қалдықтарды сақтау алаңында жиналған қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау сұйықтарын сақтау алаңынан қалдықтарды алу, оларды шламды термомеханикалық өңдеу қондырғысы мен айналмалы пеште өңдеп, кейін қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында көму жұмыстарын жалғастырды. Қалдықтарды полигонда көму ҚР экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізіледі.

2021 жылы қатты қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау сұйықтықтарын сақтау алаңынан қайта өңдеуге 4 308 тонна жіберілген (2020 ж. 1 220 тонна). ШТТҚ қайта өңдеу көлемінің ұлғаюы бұрғылау қалдықтарының түзілуін азайтуға және алаңнан қалдықтардың көп мөлшерін қайта өңдеуге қабылдау мүмкіндігіне байланысты болды. 2022 ж. қалдықтарды алаңнан алып, кейінгі қайта өңдеу жоспарланған.

2021 жылы КПО-ның қалдықтарды өңдеу тәсілдері, тонна

Қалдықтармен жұмыс істеу әдістері

Қауіпті түзілген қалдықтар

Қауіпсіз түзілген қалдықтар

Коммуналдық

қалдықтар

БАРЛЫҒЫ

1

Кәсіпорында 2021 жыл басындағы көлемі

341 416

3

0

341 419

2

Есептік жыл ішінде түзілген көлемі

14 957

3 574

1 128

19 660

3

Кәсіпорында қайта пайдаланылған көлемі

4 740

0

0

4 740

4

Кәсіпорын қондырғыларында қайта өңделген көлемі

14 301

82

864

15 247

5

Энергия алмай жалпы мақсаттағы пеште жағу көлемі

3

0

790

793

6

Кәсіпорынның қалдықтарды орналастыру нысандарында орналастырылған және көмілген көлемі

12 322

0

0

12 322

7

Мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға берілген көлемі

2 569

2 751

347

5 667

8

Кәсіпорында 2021 ж. аяғындағы мөлшері

337 711

530

1

338 242

Ескерту:  қалдықтардың тоннамен саны Экоорталықтың таразында оларды қайта өңдеуге, сұрыптауға, жоюға, көмуге және басқа да операцияларға әкету алдында қалдықтардың әрбір партиясын өлшеу жолымен айқындалады. Қалдықтардың мөлшері жөніндегі деректер жүк ілеспе құжаттарына (бақылау талондары, қабылдау-тапсыру актісі) енгізіледі және кейін Компанияның қалдықтарды есепке алу дерекқорына енгізіледі.

Компания қалдықтарының басым бөлігі ұңғымаларды бұрғылаудан және жөндеуден түзіледі. Бұл ретте, қолданылатын бұрғылау ерітіндісі түріне байланысты су немесе мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау шламы түзіледі. 2021 жылы түзілген қатты және сұйық бұрғылау қалдықтарының көлемі 6 647 тоннаны құрады (қайта өңдеуге дейінгі бастапқы түзілген қалдықтар көлемінің 58%-ы). 2020 және 2021 жылдардағы короновирустық инфекция шектеулеріне байланысты бұрғылау көлемі айтарлықтай төмендеді.

Төмендегі кестеде бұрғылау қалдықтарының негізгі түрлері, оларды өңдеу әдістері бойынша бөлініп көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей, Эко орталықтың 35 А/Б ұяшықтарында тек су негізіндегі ерітінділер мен шлам орналастырылып, су негізіндегі шлам полигонға көміледі. Мұнай негізіндегі бұрғылау шламы алдын ала өңделіп, құрамынан мұнай негізі алынып тасталғаннан кейін көмуге жіберіледі.

2019-2021 жж. өңдеу әдістеріне қарай ұңғымалық операциялар қалдықтары

Қалдық түрі

Түзілген қалдықтар, тонна

Өңдеу тәсілі

2021

2020

2019

1

Пайдаланылған су негізіндегі бұрғылау ерітінділері

382

4 125

427

Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу

383

1 020

1 014

Орналастыру

2

Су негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау қалдықтары

987

533

925

Көму

0

0

182

Айналмалы пеште термиялық өңдеу, СҚТҚ-да қайта өңдеу

3

Пайдаланылған мұнай негізді бұрғылау ерітіндісі

432

818

2 676

Қалдықтарды термомеханикалық тазалау қондырғысында (ШТТҚ) және сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу

4

Мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау қалдығы

2 776

5 316

9 022

Мұнай негізі мен суды алумен және қатты бөлігін кейнгі көмумен ШТТҚ-да қайта өңдеу, айналмалы пеште термиялық өңдеу

5

Пайдаланылған тұздықтар

1 438

1 932

4 866

ШТТҚ және СҚТҚ қайта өңдеу, айналмалы пеште термиялық өңдеу

189

296

2 837

Орналастыру

6

Мұнайлы қалдықтар

60

11

44

Айналмалы пеште термиялық өңдеу

Келісімшарттар талаптарының шеңберінде Компания қалдықтардың бір бөлігін кәдеге жаратуға мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға береді. Олар КПО-дан қабылданған қалдықтарды әрі қарай өңдеу әдістерін өздері анықтап, тоқсан сайын қалдықтарды орналастыру бойынша үшінші тараптарға есеп береді. Қалдық түріне байланысты мамандандырылған ұйымдар қалдықтарды кейін тұтыну тауарларын дайындауға қайта өңдеуге, сондай-ақ сынаптан арылту, регенерация, термиялық өңдеу, өртеу, физикалық және химиялық өңдеу, және құрамдас бөліктерге бөлшектеп, мүдделі кәсіпорындарға қайталама шикізат ретінде пайдалануға жібереді.

Полигондарда пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтарын және полиэтилентерефталат орамасын, макулатура, картон, қағаз қалдықтары, әйнек сынықтарын орналастыруға тыйым салатын ҚР Экологиялық кодексінің 351-бабының негізінде компания кеңсе ғимараттарын компанияға жалға беретін мердігерлік ұйымдардың қатысуымен осындай қалдықтарды сұрыптауды және бөлек жинауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Әрі қарай, бұл қалдықтар мамандандырылған кәсіпорындарға қайталама шикізат ретінде пайдалануға беріледі.

2011 жылдан бастап 2021 жылдың аяғына дейін макулатураны бөліп жинау нәтижесінде шамамен 740 тонна өнім жиналып, тұтыну тауарларын дайындау үшін жергілікті кәсіпорындарға берілді.

Компанияның барлық кеңселерінде пайдаланылған батарейлерді бөліп жинау ұйымдастырылған. 2021 жылы 91 кг батарейлер жиналған.

Тәжірибе үлгісі

ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ:

БИОКОМПОСТ АЛУ МАҚСАТЫНДА ТАМАҚ ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕУ

Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:

ҚР экологиялық заңнамасына сәйкес 2021 жылдан бастап тамақ қалдықтарын Полигондарда орналастыруға тыйым салынған. Бұған дейін тамақ қалдықтарын компания ҚТҚ бөлігі ретінде жалпы мақсаттағы пеште (ЖМП) жағуды жүргізген, бұл қалдықтарды басқарудың тиімді әдісі болып табылмайды. 2020-2021 жылдар ішінде Компания қайта өңдеу кәсіпорнын іздестірді.

Мақсаты:

ҚР Экокодексінің талаптарына сәйкес келу мақсатында Қарашығанақ кен орнының тамақтану нысандарында түзілетін тамақ қалдықтарымен жұмыс істеудің неғұрлым тиімді тәсілдерін енгізу.

Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:

2020 жылы жұмыс көлемі жасалынды, сондай-ақ тамақ қалдықтарын қайта өңдеу үрдісіне қойылатын талаптар айқындалып, тендер өткізілді. Қайта өңдеу әдісі бойынша кәсіпорынға қойылатын маңызды талап — тамақ қалдықтарын биокомпосттау және пайдалы өнім алу — ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығында топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру, сақтау және жақсарту үшін пайдаланылатын органикалық тыңайтқыштар ретінде қолдану үшін биокомпост алу болды.

 

2021 жылы КПО тамақ қалдықтарын өңдейтін кәсіпорыyмен келісім-шарт жасасты. 2021 жылғы маусым — желтоқсан айлары аралығында компания кен орнының тамақтану нысандарыннан 129 тонна тамақ қалдықтарын өңдеуге жіберді. Аталмыш келісімді одан әрі іске асыру алдағы Есептерде ұсынылатын болады.