Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Қалдықтарды басқару
- /
- Қалдықтарды қайта өңдеу және көму
Қалдықтарды қайта өңдеу және көму
Компанияның өндірістік және тұтыну қылдықтарын қайта өңдеу қалдықтарды кәдеге жарату кешені және Экоорталық нысандарында жүргізіледі. Бұл нысан қатты қалдықтар мен сұйықтықтарды тиімді және экологиялық қауіпсіз кәдеге жарату мен қайта өңдеуді қамтамасыз етеді, және Батыс Қазақстан аймағындағы бұрғылау қалдықтарын басқаруда озық практиканың анық мысалы болып есептеледі.
Бұрғылау қалдықтарды қайта өңдеу қалдықтардың көлемін азайтуға және қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар қалдықтардан құнды бөлшектерді бөліп алатын, және оларды қайта пайдалану үшін өңдей алатын технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Компанияда қолданылатын қалдықтарды өндіріс процесіне қайтару түзілген қалдықтарды қайта пайдаланудың оңтайлы әдісі.
КПО Экоорталығында қалдықтарды өңдейтін бес қондырғы және оларды қауіпсіз орналастыру полигоны бар:
- Шламды термомеханикалық тазалау қондырғысы (ШТТҚ),
- Айналмалы пеш (АП),
- Жалпы мақсаттағы пеш (ЖМП),
- Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысы (СҚТҚ),
- Қалдықтарды сұрыптау қондырғысы (ҚСҚ).
2021 жыл ішінде КПО қалдықтарын басқарудың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жоспарланған барлық іс-шараларды, соның ішінде қондырғының кейбір технологиялық учаскелерін жоспарланбаған ұзақ мерзімді жөндеуге байланысты айналмалы пеште қатты қалдықтарды қайта өңдеуді қоспағанда, қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, қайта пайдалану, қайта өңдеу, қалдықтардың көлемі мен қауіпті қасиеттерін азайтуды орындады. Ірі металл сынықтарын «Капиталнефтегаз» РММ-не қайталама шикізат ретінде беру 2022 жылға шегерілді.
2021 жылы Экоорталықта келесі шаралар жүзеге асырылды:
Экоорталықтың қондырғылары | 2021 жылы қалдықтарды қайта өңдеу бойынша іс-шаралар |
Шламды термомеханикалық тазалау қондырғысы (ШТТҚ) | Мұнай негізіндегі қайта өңделген бұрғылау шламдарынан базалық май мен суды бөлу технологиясының арқасында 2021 жылғы КПО-ның қалдықтарды орналастыру мөлшері бастапқы түзілген көлемнен 13%-ға азайды. |
2021 жылы 6 638 тонна қалдық өңделді, 882 тонна базалық май мен су бөлек өңделді, ал термомеханикалық өңдеуден кейін 5 756 тонна қалдық қатты қалдықтарды көму полигонында жинақталды. | |
Жалпы мақсаттағы пеш (ЖМП) | Қалдықтарды жалпы мақсаттағы пеште жағу нәтижесінде пештен шығу кезіндегі қалдықтар көлемі 89%-ке қысқарды. 2021 жылы 793 тонна қалдық жағуға жіберіліп, кейін 86 тонна күл қатты қалдықтарды көму полигонында орналастырылды. |
Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысы (СҚТҚ) | 2021 жылы 6 110 тонна сұйық қалдықтар өңделді. Өңделгеннен кейін қайта пайдалану үшін, яғни тұздықтар мен бұрғылау ерітінділерін дайындау үшін 4 287 тонна тұздықтар мен ерітінділер тазартылды. |
Қалдықтарды сұрыптау қондырғысы (ҚСҚ) | 2021 жылы 1 128 тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 790 тоннасы жалпы мақсаттағы пештерде жағуға жіберілсе, 180 тонна қалдық, соның ішінде макулатура, металл сынықтары, әйнек және пластик мамандандырылған ұйымдарға қайта өңдеуге және қайта пайдалану мақсатында жіберілу үшін сұрыпталды. 217 тонна көлеміндегі қатты тұрмыстық қалдықтар ҚТҚ полигондарында орналастыру үшін мамандандырылған ұйымдарға берілді. 129 тонна көлеміндегі тамақ қалдықтары мамандандырылған ұйымдарға өңдеуге берілді. |
Қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигоны | 2021 жылдың аяғында қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында 16 ұяшық жабылды. |