ҚазРусEng

Тұрақты даму

Энергияны тұтыну

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама талаптарына сәйкес компания бес жыл сайын міндетті энергетикалық аудит жүргізеді.

Энергетикалық аудиттің басты мақсаты — компанияның отын және энергетикалық ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау және энергетикалық ресурстарды ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу болып табылады.

2021 жылы арнайы компания КПО-да міндетті энергия аудитін өткізді, аудит нәтижелері бойынша КПО-ның энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы қызметі «өте жақсы» деп бағаланады. Энергия аудитінің нәтижелері бойынша экономикалық жағынан тиімді және қызметте пайдалануға болатын энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар ұсынылды, олардың бірі — газ турбиналы электр станциясында шыққан жылуды кәдеге жарату қазандығын орнату бойынша іс-шаралар, аталмыш шараларды КПО 2022-2025 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру іс-шаралар жоспарына енгізуді жоспарлап отыр.

2020 жылы 1 067 135 тонна шартты отын (т.ш.о.) тұтынылған болса, 2021 жылы энергия ресурстарын жалпы тұтыну 1 029 538 тонна шартты отынды құрады. Энергия ресурстарын тұтынудың төмендеуінің себебі электр энергиясын өндіретін турбиналардағы жөндеу жұмыстарына байланысты. Төмендегі кестеде энергия түрлері бойынша энергияны тұтыну көлемдері берілген.

2019-2021 жж. КПО-ның энергия ресурстарын тұтыну мөлшері

Энергия түрі

Өлшем бірлігі

Энергияны тұтыну, физикалық өлшем бірліктері

Энергия тұтыну, шартты отын тоннасы (ш.о.т)

Энергия тұтыну, ГДж

2021

2020

2019

2021

2020

2019

2021

2020

2019

Отын газы

мың м3

832 863

863 029

826 806

1 026 088

1 063 251

1 018 625

30 074 639

31 163 893

29 855 886

Электр энергиясы (сатып алынған)

МВт*сағ

6 710

6 236

7 244

825

767

891

24 181

22 482

26 115

Дизель жанармайы

м3

705

1 188

739

888

1 498

932

26 027

43 905

27 468

Бензин

м3

228

199

226

251

220

249

7 357

6 439

7 301

Жылу (жалға алынған кеңселерде)

Гкал

10 388

9 781

8 731

1 486

1 399

1 249

43 555

40 994

36 595

БАРЛЫҒЫ

    

1 029 538

1 067 135

1 021 946

30 175 759

31 277 713

29 953 365

2021 жылғы энергияны жұмсау көрсеткіші бір тонна көмірсутекке шаққанда 1,10 Гдж құрады, бұл IOGP1 (1,4) өз есептерін берген компаниялардың энергияны жұмсау орта көрсеткіштерінен төмен.

Энергияны жұмсау динамикасы, 2019-2021 ж.ж.

1Деректер көзі — «Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығы» (IOGP) ұйымының жыл сайынғы есептері — «Экологиялық көрсеткіштер бойынша 2020 жылғы деректер».