ҚазРусEng

Тұрақты даму

Тазартылған сарқынды сулардың төгінділері

Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық суды жинау үшін, өндірістік-нөсерлік және нөсерлік сарқынды суларды әкету үшін Компания арнайы салынған жасанды құрылыстарды пайдаланады. Бұл құрылыстар топырақ және жер асты суларына ластаушы заттардың жайылуын болдырмайды, сонымен қатар техникалық қажеттіліктерге қайта пайдалану үшін тазартылған сарқындарды жинауға, осы арқылы жаңа судың шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Cарқынды суларды төгу құрылыстары

Көмірсутекті шикізатпен бірге өндірілетін ілеспе-қабат сулар және өндірістік сарқындар тазартылып, өнеркәсіптік сарқындарды жер астында көмудің № 1 және № 2 полигондарының тереңде орналасқан жерасты деңгейжиектеріне айдалады. Өнеркәсіптік сарқындарды көму әдісі — тазарту кезінде тұзды қалдықтардың жер бетінде пайда болуынсыз сарқындарды өңдеудің әлемдік тәжірибесі. Деңгейжиектердің берік оқшаулануы және сарқындарды айдауға өте қолайлы болып табылатын жыр қыртысының қасиеттері сарқындардың жоғарғы деңгейжиектерге көшуін болдырмайды.

Сарқынды суларды және ластаушы заттарды төгудің көлемі ҚР Заңнамасы талаптарына сәйкес Компанияның жобалық құжаттамасында есептеледі және негізделеді, арнайы рұқсаттармен мөлшерленеді. КПО-ның шаруашылық және өндірістік қызметі нәтижесінде пайда болатын сарқынды сулар табиғи су қоймаларына төгілмейді.

Төмендегі кестеде сарқынды су санаттары мен қабылдаушы нысандар бойынша КПО-ның 2019-2021 жж. төгу көлемдері келтірілген.

Сарқынды су санаттары мен қабылдаушы нысандар бойынша 2019-2021 жж. жалпы төгінділер көлемі мен құрамындағы ластаушы заттар (ЛЗ), м3

Қабылдаушы нысан

Сарқынды сулар санаты

2021

2020

2019

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ көлемі, тонна

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ көлемі, тонна

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ көлемі, тонна

Су жинақтауыш тоғандар

Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық сарқынды сулар

72 123

44,51

64 244

34,38

68 763

35,72

Өнеркәсіптік сарқындарды жер астында көму полигондары

Өндірістік-нөсерлік сарқынды сулар, технологиялық және ілеспе-қабат сарқынды сулар

780 755

58 935

694 893

45 970

628 819

39 645

Үлкен Шаған және Атырау МАС-дағы жер рельефі

Еріген қар және жаңбырдың сарқынды сулары

2 538

1,595

1 982

1,56

3 546

2,05

Төгінділердің жалпы көлемі

 

855 415

58 981

761 119

46 006

701 128

Ескертпе:  төгінді су көлемі есептеу құралдарының көмегімен есептеледі, құралда көрсетілген көрсеткіштер есепке алу журналына тіркеледі және әрі қарай КПО тұтынатын суды есепке алу дерекқорына енгізіледі. Ластаушы заттар төгінділерінің көлемі ағызу алдындағы ластаушы заттардың нақты шоғырлануының төгінділердің нақты көлеміне көбейтіндісі ретінде есептеледі.

2021 жылғы сарқынды су төгінділерінің көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 12,38%-ға көбейді. Соның ішінде 2021 жылдағы өнеркәсіптік сарқындардың көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 12,35%-ға өсті. Өндірістік сарқындар көлемінің өсуі ілеспе-қабат сарқынды су көлемінің өсуімен байланысты.

КПО өз нысандарында пайда болған және тазартылған сарқынды сулардағы ластаушы заттардың құрамына бақылау жасайды:

2021 жылы ластаушы заттардың 58 981 тоннасы төгілді (2020 жылғы 46 006 тонналық көрсеткішпен салыстырғанда 28,2%-ға артық). Оның ішінде 458 166 тонна рұқсат етілген шекті төгінді (РШТ) нормативтері шегінде, ал 815 тонна — одан тыс төгілді.

Ластаушы заттардың нормативтен тыс ағызылуы № 1 және № 2 өндірістік сарқынды суларды жерасты көму полигондарына айдалатын сарқынды сулардағы күкіртсутегі, хлоридтер және метанол бойынша ШРТ нормативінен шамалы асып кету нәтижесінде болды. Аммоний азоты, хлоридтер және фосфаттар бойынша шамалы асып кетуді қоспағанда, жинағыш тоғандарға шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар бойынша ЛЗ нормативтен тыс ағызулар болмады. ҚР салық заңнамасының талаптарына сәйкес ЛЗ төгінділері үшін Компания қажетті төлемдерді жасады.

Жалпы алғанда, сарқындар тереңде нық оқшауланған жерасты деңгейжиектерге айдалғандықтан, осы әрекет топырақ, өсімдіктер және жануарлар әлемі сияқты қоршаған орта компоненттеріне әсер етпейді. Бұл деңгейжиектердегі сулар жоғары минералданған және шаруашылық-ауыз су, бальнеологиялық және техникалық қажеттіліктер үшін, суару және мал шаруашылығы үшін қолданылмайды.