Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Су тұтыну және сарқынды суларға қатысты шаралар
- /
- Тазартылған сарқынды суларды қайта пайдалану
Тазартылған сарқынды суларды қайта пайдалану
Бұрғылау, бұрғылау ерітіндісін дайындау, екпе ағаштарын суару, құрылыс алаңдарындағы және жолдардың шаңын басу сияқты жұмыстарға және әрекеттерге арналған табиғи су алуды азайту мақсатында КПО тазартылған тұрмыстық, өндірістік-жаңбырлық және нөсерлік сарқынды суларды пайдаланады. Cарқынды суларды Компания нысандарында қайта пайдалану 2018-2022 жылдарға белгіленген технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
2021 жылы ұңғымалардан алынған тазартылған сарқынды сулар, жаңбырдың суы және еріген сулар, сондай-ақ жерасты сулары өндірістік нысандардың техникалық қажеттіліктеріне де пайдаланылды.
2021 жылы КПО техникалық қажеттіліктеріне екінші рет пайдаланылған сарқынды сулардың көлемі Қоншыбай жырасынан тұтынылған техникалық су көлемінің 11,3%-ін құрады. 2021 жылы Компания 35 061 м3 тазартылған сарқынды суды техникалық қажеттіліктерге қайта пайдаланды, олардың негізгі көлемі шаңды басуға пайдаланылды. Төмендегі кестеде тазартылған сарқындарды пайдаланумен жұмыс түрлері келтірілген.
2019-2021 жж. тазартылған сарқынды сулар мен жер асты суларын екінші рет пайдалану, м3
2021 | 2020 | 2019 | |
Жалпыекіншіретпайдалану, оныңішінде: | 35 061 | 18 313 | 38 545 |
Бұрғылау ерітінділерін дайындау және бұрғылау қажеттілігіне | 5 317 | 3 482 | 30 117 |
Суландыру мақсаттары, гидросынаулар және өрт резервуарларын толтыру | 8 465 | 335 | 1 088 |
Шаңды басу | 17 917 | 14 496 | 7 340 |
ҚМГКК өндірістік нысандарының техникалық қажеттіліктері | 3 362 |
|
|
Ескертпе: қайта пайдаланылған су көлемін есепке алу бақылау талонын толтыра отырып, м3 (мотосағаттар, автоцистерна көлемі, рейстер саны, сорғылардың өнімділігі және т.б.) жанама әдіспен айқындалады және деректер есепке алу журналына енгізіледі.