ҚазРусEng

Тұрақты даму

Түлектерді дамыту бағдарламасы

Университет түлектерін дамыту бағдарламасының басты мақсаты — Қарашығанақ кен орны нысандарының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қазақстандық университеттерді бітірген жергілікті түлектердің арасынан жоғары потенциалды қызметкерлер резервін даярлау.

2008 жылдан бері дуальды оқыту бағдарламасының бөлігі ретінде, КПО компаниясы Теңіз асты жұмыстарына мұнай-газ саласындағы мамандарды дайындау ұйымының (ОPIТО) халықаралық стандарты негізінде өндіріс операторларына, техник-механиктерге, техник-электриктерге, БӨАжА жөніндегі техниктерге арналған кәсіби даму бағдарламасын жүзеге асырып келеді.

Іріктеуден кейін үміткерлер теориялық және практикалық білім ала отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес оқудан өтеді. Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан соң, тәжірибеден өтушілер Компанияға жұмысқа алынады және өздерінің мансаптарын өндіріс нысандарында бастайды.

Бұл оқу бағдарламасының құндылығы блок-модульдік форматта ұсынылған әдіснама болып табылады. Бұл тәсіл жұмыс орнындағы өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған біліктілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Университет түлектерін дамыту бағдарламасы КПО компаниясында 14 жыл бойы сәтті жүзеге асырылып келеді. 500-ден астам өндіріс операторлары және техник-механиктер осы бағдарлама аясында даярланды және қазіргі күнде компанияның өндіріс нысандарында жемісті еңбек етуде.

2021 жылы қабылданған 45 студент 2022 жылдың мамыр айында өндіріс операторы, БӨАжА жөніндегі техник мамандықтары бойынша теориялық модульды аяқтады және тағылымдамадан өту үшін КПО компаниясының өндіріс және техникалық қызмет көрсету бөлімдеріне орналастырылды.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 23 мамырында КПО компаниясы осы бағдарлама аясында «техник-электрик» және «БӨАжА жөніндегі техник» мамандықтары бойынша кезекті студенттерді қабылдау процесін аяқтады. Іріктеу нәтижесінде, Қазақстан Республикасының ЖОО және арнаулы орта білім беру ұйымдарын жақында бітірген, 24 адамнан тұратын топ құрылды.