ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қызметкерлерді оқыту

Қарашығанақ кен орны нысандарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін үнемі жоғары білікті қызметкерлер талап етіледі. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін Компания серіктестердің халықаралық тәжірибесін пайдаланады және әртүрлі халықаралық және қазақстандық оқу ұйымдарын тартады.

Жыл сайын КПО бірқатар оқу бағдарламаларын өткізеді:

  • өндіру және барлау мақсаттарына жету үшін қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • ҚР заңнамасымен, Компанияның ішкі рәсімдерімен және үздік халықаралық тәжірибелермен талап етілетін ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша міндетті оқыту.

2021 жылы Компанияның жергілікті қызметкерлерінің 91% біліктілікті арттырудың, кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың түрлі бағдарламалары бойынша оқытулардан дан өтті, сондай-ақ онлайн семинарлар мен конференцияларға қатысты.

Бұдан басқа, 2021 жылы КПО қызметкерлерін арнайы халықаралық бағдарламалар (23-кестеде көрсетілген), тіл үйрету курстары, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша кәсіптік және міндетті курстар бойынша оқытуды жалғастырды.

2021 жылға арналған халықаралық сертификатталған бағдарламалар шеңберінде оқытылған КПО қызметкерлерінің саны

Оқыту бойынша статистика

Жауапты ұйым ретінде КПО өз қызметкерлері үшін де, мердігер ұйымдардың қызметкерлері үшін де қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті оқытуды қамтамасыз етеді.

2021 жылы 405 221 адам-сағат оқыту өткізілді (2020 жылы — 445 122 адам-сағат), оның ішінде 250 581 адам-сағат КПО қызметкерлеріне тиесілі (2020 жылы — 295 495 адам-сағат). Оқытудың қалған 154 640 адам-сағаты мердігер ұйымдардың қызметкерлері үшін ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша міндетті оқыту өткізуге жұмсалды (2020 жылы — 201 128 адам-сағат).

2021 жылы барлығы 20 169 адам оқытылды, оның ішінде 3 644 қызметкер — КПО қызметкерлері және 16 525 қызметкер — мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері. Компаниядағы оқытулардың сағаттарының орташа саны 16-кестеде келтірілген.

Оқыту түрлері бойынша 2021 ж. КПО номинацияланған қызметкерлері өткен бір курсқа арналған оқу сағаттарының орташа саны