Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Біліктілікті басқару жүйесі
Біліктілікті басқару жүйесі GRI 103-2, 103-3
КПО компаниясында біліктілікті басқару жүйесі қызметкерлердің біліктілік деңгейін анықтаудың ең тиімді әдістерінің бірі ретінде қолданылады.
Бұл жүйе қауіпті өндірістік нысандарда жұмыс істейтін техникалық қызметкерлердің біліктілігінің қажетті деңгейіне қол жеткізуге бағытталған және біліктіліктің жеткіліксіз деңгейіне байланысты орын алатын өндірістегі оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды барынша азайту және олардың алдын-алу мақсатында енгізілді. Бұл жүйе біліктілікті бағалау нәтижелерінің негізінде қызметкерлерді одан әрі оқыту құралдарын дайындауға мүмкіндік беріп, осылайша қаражаттың мақсатына сәйкес жұмсалуын және қызметкерлер арасында қауіпсіздік мәдениетінің арттыруын қамтамасыз етеді.
Біліктілікті басқару жүйесінің саясаты бойынша КПО нысандарында немесе КПО жабдықтарымен жұмыс істейтін, келісімшартының қаупі жоғары немесе орта деңгейдегі әрбір мердігер компания өзінің біліктілікті басқару жүйесін әзірлеуге және өз жұмысы барысында қолдануға тиіс. Мердігер ұйымдардың қызметкерлері жұмыстарды өз жауапкершілігінің деңгейіне сәйкес техникалық сауатты, қауіпсіз орындауға қажетті білімі мен дағдыларын көрсете алуы тиіс. 2019 жылдан бастап КПО осы бағытта жұмыс істей бастады. Негізгі талаптар, енгізудің кезеңдері мердігер компаниялардағы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша КПО тексерістері кезінде айқындалады және белгіленеді.
КПО-ның біліктілікті басқару жүйесі 2013 жылы OPITO ұйымы аккредитациясынан өтті. КПО жыл сайын OPITO ұйымының сарапшыларының қатысуымен аталмыш жүйенің талаптарға сәйкестігін тексеруге бағытталған аудит өткізеді. 2021 жылдың қараша айында КПО біліктілікті басқару жүйесі аккредитациясының қолданылу мерзімі 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартылды. OPITO аккредитациясының шеңбері келесілерді қамтиды:
- Кәсіби-бағытталған алты мамандық: өндіріс операторы, техник-электрик, бақылау-өлшеу құралдарының технигі, техник-механик, мастер және (өндірістегі) топ жетекшісі.
- Кен орнындағы алты өндіріс нысаны мен бөлімшесі — ҚӨК, ГКДҚ-3, ГКДҚ-2, Экоорталық, техникалық қызмет көрсету бөлімі және ұңғымаларды пайдалану мен өндіру бөлімі.
2021 ж. техникалық біліктілікке ие 783 қызметкер бастапқы бағалаудан өтіп, біліктілікті растау сертификаттарын алды. КВИ шектеулеріне байланысты КПО техникалық қызметкерлерінің біліктілік стандарттарының талаптарына сәйкестік көрсеткішінің 71%-на қол жеткізілді.
2021 жылы аккредиттелген OPITO шеңберінде, КПО біліктілікті басқару жүйесінің аясында «біліктілікті бағалаушы» ішкі курсы әзірленіп енгізілді. Бұл курсты жүйенің тәжірибелі қызметкері жүргізеді; кейіннен практикалық тапсырмалар тапсырылып, тиісті сертификат беріледі. Бұл жетістік біліктілікті бағалаушыларды оқыту процесін оңтайландыруға, үшінші тарапты (тренинг провайдерді) тартуды болдырмай, компанияның уақыты мен қаржылық шығындарын қысқартуға мүмкіндік берді.
Біліктілікті басқару жүйесін кеңейтудің 2020-2022 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 4-тоқсанынан бастап Орталық техникалық қызмет көрсету бөлімінің инженерлік құрамына және ҚӨК нысаны мен химиялық зертхана бөлімінің өнеркәсіптегі топ жетекшілеріне арналған біліктілікті қамтамасыз ету бағдарламасы бастау алды. 245-тен астам инженердің және топ жетекшілерінің біліктілігін 20 бекітілген стандарт бойынша бағалау жүргізілуде. Бағалау нәтижелері шынайы және анық болуы үшін учаске бастықтары мен секциялардың жетекші инженерлері техникалық сарапшылар рөлін атқаруда. Инженерлік құрамның біліктілігін бағалау туралы толық ақпарат тәжірибеден мысал ретінде келесі мәтінде келтірілген.
2020 жылы біліктілікті басқару жүйесі шеңберінде 360 градус әдісімен бағалау жобасы әзірленіп енгізілді. 360 градустық бағалау — бұл қызметкерлерді дамытудың жеке жоспарын анықтау және кері байланыс механизмін қолдану арқылы қызметкер мен менеджер арасындағы жақсы түсіністікті қамтамасыз ету құралы. Осы процесті енгізу үшін SAP жүйесінде барлық қатысушыларға бағалауды онлайн өтуге мүмкіндік беретін модуль әзірленді. Процесті персоналды басқару және бағалау саласындағы ішкі сарапшылар үйлестіреді.
Тәжірибе үлгісі
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ: | |
Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы: | Біліктілікті басқару жүйесі шеңберінде КПО техникалық қызметкерлердің қолданыстағы стандарттардың талаптарына сәйкестігіне мерзімді бағалау жүргізеді.
2018 жылы құрушы компаниялардың аудиторларының ұсынысы бойынша өнеркәсіптегі топ жетекшілері үшін біліктілік стандарттары әзірленді, сондай-ақ қауіпті өндірістік нысандардағы жұмыстарды қауіпсіз және тиімді орындау мен бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бағалау процесі іске қосылды.
Біліктілік стандарты келесілерді қамтиды:
Өткізілген бағалау нәтижелері негізінде қызметкерді оқыту мен дамытудың жеке жоспары әзірленеді.
2019 жылы кен орны бөліміне қызмет көрсететін және қауіп деңгейі жоғары және орташа мердігерлік ұйымдарда біліктілікті басқару жүйесін әзірлеу және енгізу басталды. Мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің едәуір бөлігін құрайды; өз кезегінде, олардың біліктілігі жұмыстардың қауіпсіз орындалуына және өндірістік процестердің үздіксіздігіне айтарлықтай әсер етеді. 2021 жылы үш мердігер ұйымда қызметкерлердің біліктілігі жүйелерінің бар-жоқтығы тексерілді. Тексеріс нәтижелері негізінде қолданыстағы жүйелерді жақсарту, сондай-ақ жаңа жүйелерді әзірлеу және енгізу жөніндегі іс-шаралар әзірленді және келісілді.
2020-2021 жж. біліктілікті басқару жүйесін кеңейту бағыттарының бірі орталық техникалық қызмет көрсету бөлімінің инженерлік құрамын және ҚӨК нысаны мен химиялық зертхана бөлімінің топ жетекшілеріне бағалау бағдарламасын әзірлеу және енгізу болды. Бағалау бойынша нұсқаулық және 20 біліктілік стандарты әзірленді. |
Мақсаты: |
|
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер: | 2021 жыл:
2022-2023 жылдары құрылыс бөлімі, құрылыс және бұрғылау бөлімдері топтарының (өнеркәсіптегі) жетекшілерінің, сондай-ақ кен орны нысандарын модификациялау бөлімі инженерлерінің біліктілігін бағалау жоспарланған. Егер Компания талаптарына қайшы келмесе, біліктілікті бағалау кем дегенде 5 жылда бір рет өткізіледі. |
Нәтижесі: |
Бұл бағдарлама өндірістегі қызметкерлердің біліктілігінің қажетті деңгейін сақтауға ықпал етеді және келесі жылдары да жалғасын табады. |