Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Еңбек қатынастары
Еңбек қатынастары
Еңбек қатынастары дегеніміз қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қызметкердің еңбек функциясын орындауы және жұмыс берушінің тиісті жағдай туғызуы мен еңбекақы төлеуі туралы келісімге негізделген қатынастар.
КПО-дағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі. Еңбек шартының талаптарын не қызметкер, не жұмыс беруші орындамаған жағдайда, адамның әділ және қолайлы еңбек жағдайларында жұмыс істеу, жұмыссыздықтан қорғалу құқықтарына, бірдей еңбекке бірдей ақы алу құқығына, жұмысы үшін әділ және жеткілікті төлем алу құқығына, өз мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтар құру және оларға кіру құқығына, жұмыс күнінің тиісті жөнді шектелу және ақылы еңбек демалысын алу құқығына нұқсан келу қаупі туындайды.
Кәсіподақ ұйымдарымен жүргізілетін жұмыс
Ұжымдық келіссөздер жүргізу — Компания жұмысының маңызды бір бөлігі. Қызметкерлерді қолдау және олардың құқықтарын қорғауда негізгі рөлдердің бірін кәсіподақтар атқарады. Кәсіподақтар әлеуметтік және еңбек қатынастарының түрлі тақырыптары ескерілетін Ұжымдық шарт жобаларын әзірлейді және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту туралы компаниямен келіссөздер жүргізеді. Компанияда қызметкерлер мүдделерін үш кәсіподақ қорғайды:
- Компания қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.»;
- «КПО Б.В. және мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің Қарашығанақ жергілікті кәсіптік одағы»;
- «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» қызметкерлерінің және «TRUST» мердігерлік компанияларының жергілікті кәсіподақ ұйымы" ҚБ.
Кәсіподақтар әлеуметтік және еңбек қарым-қатынасының әртүрлі аспектілері бойынша Ұжымдық шарттың жобаларын әзірлейді және Компаниямен келіссөздер жүргізеді. 2021 жылдың аяғында кәсіподақтар мен жұмыс беруші арасында 2022-2024 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды. КПО ұжымдық шартының ережелері олардың кәсіподақтағы мүшелігіне қарамастан штатқа қабылданған барлық қызметкерлерге қолданылады.
Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес, Компания таратылып, кейін жұмыс орындары қысқартылатын болса немесе жүйе өзгеретін жағдайда, немесе еңбекақы мөлшері қызметкерлердің жағдайының нашарлауына әкелетіндей өзгеретін жағдайда, КПО кәсіподақтарды 2 ай (8 апта) бұрын хабардар етуге міндеттенеді.
Кері байланыс механизмдері
Қазір Компанияда кері байланыстың бірнеше механизмі бар: Еңбек ресурстары басқармасына тікелей немесе кәсіподақ арқылы және «Жедел желі» арқылы хабарласу.
2021 жылы Еңбек ресурстары басқармасына шағымдарды қоса алғанда 97 өтініш келіп түсті. Келіп түскен шағымдарда еңбек тәртібінің бұзылуы, жұмысқа орналасу, дауларды шешу, қызметтік өкілеттікті асыра қолдану, мердігер қызметкеріне қатысты заңсыз әрекет мәселелері қозғалған. Келіп түскен барлық шағымдар қаралды және шешілді, шағымдардың бір бөлігі сотқа дейінгі тәртіпте және іс келістіру комиссиясында қаралғанға дейін шешімін тапты.
Еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзу бағдарламасы
Компания ұжымдық шарт және ҚР 2017 жылғы Еңбек кодексі (52-бап) шеңберінде әрекет ететін еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзу бағдарламасын қолдануды қолдайды. Бағдарлама 58 бен 63 жас аралығындағы ер адамдарға және 53 пен 58 жас аралығындағы әйел адамдарға қатысты қолданылады. 2021 жылы компанияның 43 қызметкері еңбек қатынастарын өз еркімен бұзу туралы өтініш берді (2021 ж. — 43 қызметкер, 2020 ж. — 42 қызметкер, 2018 ж. — 24 қызметкер, 2017 ж. — 45 қызметкер).
Шығындарды оңтайландыру, тиімділікті арттыру және компанияның бәсекеге қабілеттілігін қолдау мақсатында 2021 жылдың аяғында Компания еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзудың бір жолғы бағдарламасын («ЕҚЕТББ») қайталады. 2021 жылы осы бағдарлама бойынша 20 өтініш қанағаттандырылды.
Өндірістік қатынастар
Мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында еңбек ұжымдарындағы жағдайға әсер ететін ықтимал факторларды, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы бұзушылыққа, қызметкерлердің заңды құқықтарына қысым жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау, түзету тұрғысынан мониторинг және талдау тұрақты негізде жүргізіледі. Қолайлы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарда құқық нормаларының сақталмауы мұндай қауіптің алғышарты болуы мүмкін.
Адам/қызметкер құқықтарының бұзылуын тексеру барысында КПО өтініштерді кешенді және жедел қарауды, сондай-ақ мәселелерді уақтылы шешуді қамтамасыз етуге ұмтылады. Қарау барысында барлық тараптардың пікірлері ескеріледі және талданады, ҚР заңнамасына және компанияның процедурларына сәйкес қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін қолдан келген шаралар қабылданады.
Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік міндеттер және одан әрі кеңейту жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстар негізінен мердігерлік ұйымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Осыған байланысты, алға қойылған міндеттер мен өндірістік көрсеткіштердің сәтті орындалуы КПО және тартылған мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың ұжымдарында еңбек қатынастарының қаншалықты үйлесімді құрылғанына байланысты.
2021 жылы өндірістік қатынастар бөлімінің қызметкерлері 260-тан астам жұмыс алаңдары мен ықшамды тұру орындарына шығу арқылы 177 көшпелі тексеру жүргізді. Сонымен қатар, 19 бірлескен аудит жүргізілді.
2021 жылы мердігер компания қызметкерлері тарапынан түрлі мәселелер бойынша барлығы 19 шағым түсіп, жабылды. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар бағаланды: жұмыс орындары, тамақтану орындары және т.б. Жалпы алғанда, мониторинг, аудит нәтижесі және өндірістік қатынастар секторы жетекшілік ететін 43 мердігерлік ұйымнан келіп түскен өтініштерді қарау қорытындысы бойынша тұрғын жай сапасы мен еңбек жағдайларын жақсарту шаралары іске асырылды. Бұл өз кезегінде еңбек ұжымдарында тұрақты моральдық және психологиялық ахуалды сақтауға оң әсерін тигізді.
Қарашығанақ кен орнындағы тауарлар мен қызметтердің жергілікті жеткізушілерін қолдау шеңберінде КПО 2020 жылдың соңынан бастап санитарлық-шектеу шараларын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес мердігер ұйымдардың қызметкерлерінің міндетті ПТР талдамасынан өтуді іске асыруға ықпал етті. 2021 жыл ішінде компания осы шығындарды өз есебінен толық көлемде өтеуді жалғастырды.
Сондай-ақ, көшбасшы және үлгі тұтар компания ретінде, КПО вакцинациядан өткен мердігер ұйымдардың қызметкерлерінің санын арттыруға ықпал етті.