ҚазРусEng

Тұрақты даму

Жергілікті қызметкерлерді дамыту

КПО компаниясында қызметкерлерді дамыту үздіксіз процесс болып табылады. Кәсіби біліктілік деңгейі оқыту мен біліктілікті арттырудың қолданыстағы жүйесі арқылы сақталады және дамиды.

2020 жылы КПО өкілетті органымен бірлесіп 2020-2025 жылдарға арналған кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаны бекітті.

Осылайша, 2021 жылы шетел мамандары иемденген 13 лауазымға жергілікті қызметкерлер тағайындалып, 45 лауазым қысқартылды. 2021 жылдың желтоқсан айындағы мәліметке сәйкес, Компания ұжымының 95%-ін жергілікті қызметкерлер құрады. Жалпы, 1999 — 2021 жылдар аралығында 246 шетелдік қызметкер жергілікті мамандармен алмастырылған, ал шетел қызметкерлері иемденген 284 лауазым қысқартылған. 20-кестеде көрсеткіштер санат бойынша бөлініп көрсетілген.

Қызметкерлердің санаттары бойынша КПО кадрларындағы жергілікті қамтуды ұлғайту көрсеткіштері

Санаты

Түсіндірмесі

ҚР заңнамалық талабы

Кадрлардағы жергілікті қамту көрсеткіші

2021 ж.

2020 ж.

2019 ж.

1+2

Бірінші жетекшілер және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері

70% кем емес

85%

83%

79%

3+4

Мамандар / білікті қызметкерлер

90% кем емес

98%

97%

96%

Сонымен қатар аталмыш бағдарлама мақсаттарына сәйкес КПО Батыс Қазақстан облысында тіркелген мердігер ұйымдардағы жергілікті қамту статистикасын қосымша қадағалайды. 2021 жылы 43 компания тоқсандық, жарты жылдық және жылдық негізде кадрлардағы жергілікті қамту үлесі туралы мәліметтерді ұсынды. Бұл ұйымдардағы жергілікті қамту көрсеткіштері келесідей болды: «Бірінші жетекшілер және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері» санатында 90%, ал «Мамандар/білікті жұмысшылар» санатында 97%. 2021 жылы КПО-да және мердігерлік ұйымдарда жергілікті қамту үлесінің артуы шетелдік қызметкерлердің елге келуін қиындатқан коронавирус инфекциясына қатысты енгізілген шектеулерге және бірнеше ірі жобалардың аяқталуына байланысты болды.