ҚазРусEng

Тұрақты даму

Әлеуметтік инфрақұрылымды қолдау

КПО компаниясы өнімді бөлісудің түпкілікті келісімінің (ӨБТК) 5-қосымшасына сәйкес жыл сайын Батыс Қазақстан облысы аймағында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Жоспарланған әлеуметтік жобалардың тізімі жыл сайын КПО және БҚО әкімдігімен облыстың әлеуметтік дамуының басымдықтарына орай келісіледі. БҚО әкімдігі бұл тізімді мемлекеттік басымдықтарға сәйкес және Орал қаласының инфрақұрылымын, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін, сонымен қатар өңірдегі дене шынықтыру мен спорт салаларын дамыту қажеттіліктері негізінде дайындайды.

КПО қажетті тауарларды сатып алу, жобаны басқару, құрылыстың толық аяқталуы және кейінгі Батыс Қазақстан облысы меншігіне өткізілуіне дейінгі барлық үдерісті жүргізеді. Сонымен қатар, қажет еткен жағдайда Компания әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жобалауды да орындай алады. КПО әлеуметтік жобаларының барлығы жергілікті мердігерлермен орындалады. Жобалар жыл аяғына дейін толық орындалмаған жағдайда, игерілмеген қаржы келесі күнтізбелік жылға көшіріледі.

2021 жылы КПО БҚО аумағында жаңа және өтпелі әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды. Сегіз жоба аяқталды.

2021 жылы КПО жүзеге асырған әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалардың тізімі төмендегі кестеде көрсетілген.

2021 жылы Батыс Қазақстан облысында КПО жүзеге асырған әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалар

Саласы

Жобаның атауы

Азаматтық құрылыс

БҚО, Теректі ауданы, Подстепное ауылындағы 160 көрермен орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

Орал қаласындағы 1500 орындық көпфункциялы мәдениет сарайы

БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылындағы 160 көрермен орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

БҚО, Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде монолитті-қаңқалы схемада 9 қабатты № 6 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз)

БҚО, Орал қаласы, Зачаганск ауылындағы облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы

БҚО, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылындағы 160 көрермен орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылындағы 170 көрермен орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

Ақсай қаласындағы жедел медициналық әрекет ету ауруханасын қайта жаңғырту (ОАА қайта жаңғырту)