Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Қауіпсіздік техникасы
- /
- ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласын жетілдіру жоспары
2021 жылғы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту жоспары
Жоспардың басты міндеті — ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында басқару жүйесін жақсарту, қауіп-қатерлер факторларын әрі қарай бақылау, қызметкерлердің денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірмеу. Бұған елеулі пайда мен жақсартуларға бағытталған мақсатты элементтерді және Компанияның күнделікті өндірістік қызметінен тыс бірқатар іс-шараларды жүргізу арқылы қол жеткізіледі.
2021 жылы КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын дайындауда жоспар мен тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (ТНК) келісімділігін қамтамасыз ету және қойылған міндеттерге жету үшін құрылымдық тәсілді қолданды.
Компанияның 2021 жылға арналған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту жоспары өзара байланысты бағыттардан тұрады:
I ДЕҢГЕЙ (негізгі): | Жарақаттар мен ағып кетулерсіз жұмыс жүргізу |
II ДЕҢГЕЙ (қосымша): |
|
III ДЕҢГЕЙ (оған қалай жетуге болады): | Стратегия және мақсатты элементтер |
Тәжірибе үлгісі
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ: ЕҚ, ҚТ ЖӘНЕ ҚОҚ: БАСШЫЛЫҚ ТАРАПЫНАН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ | |
Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы: | КПО-да қауіпсіздік техникасының маңызы зор. Алайда КПО-да ұқсас себептермен оқиғалар орын алып, әлі де жалғасуда: бұл қауіп-қатерге үйреніп кету және жұмысқа араласудың болмауы. Сондай-ақ КПО-да Компанияның өндірістік нысандарында бұрын жұмыс жасамаған жаңа қызметкерлер жұмылдырылған ірі жобалар жүзеге асырылуда. Оларға тиісті қауіпсіздік стандарттарын үйрету өте маңызды іс.
Жұмыс орындарындағы қауіпсіздік супервайзерлер мен шеберлердің көшбасшылық қасиеттеріне және ЕҚ мен ҚТ мәселелеріндегі біліктілігіне байланысты. Cупервайзерлер мен шеберлердің өздері жеке үлгі көрсетіп, қауіпсіздік мәдениетін белгілеп, нығайта алады. |
Мақсаты: | Жұмыс орындарында қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін қауіпті факторларды анықтау, жұмысшыларды жұмылдыру және топтағы тәлімгерлік бойынша менеджерлердің біліктілігін арттыру. |
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер: | 2019 жылы «Коучинг, қатысу және араласу» семинары әзірленді, оған қауіп-қатер денгейі жоғары жұмыстарды жүргізуге жауапты КПО мен мердігер ұйымдар супервайзерлері мен шеберлері шақырылды. Семинарлар теориялық бөлімнен, топтардағы практикалық сабақтардан, сонымен қатар жұмыс орындарындағы коучинг-әңгімелерден тұрды.
2020 жылы КПО басшылығы келесілер үшін ЕҚ мен ҚТ бойынша көшбасшылық және тәлімгерлік бағдарламасын жүзеге асыруды көздейді:
|
Нәтижесі: | 2019 және 2020 жылдары КПО және мердігерлік ұйымдардың 1200-ден астам супервайзері коучинг, қатысу және араласу бойынша өз білімдері мен дағдыларын жетілдірген семинарларға қатысты. Оқу материалы ретінде әдеттегі әдістерден басқа, бейнематериалдар, оқиғаларды тергеу нәтижелері, қалта нұсқаулықтары қолданылды.
Бағдарламаға қатысып, жұмыс орындарында алған білімдерін қолданған ең белсенді супервайзерлер ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ ынталандыру жүйесі бойынша марапатталған болатын. |