Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Қауіпсіздік техникасы
- /
- ЕҚ және ҚТ бойынша көрсеткіштер
ЕҚ және ҚТ бойынша көрсеткіштер
Компания өндірістегі жарақаттануды толығымен жою мақсатында үдерістерді жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Біз қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау саласындағы қызметімізді ілгерілік динамикасы мен әлемдегі оқиғаларды ескеріп жоспарлаймыз.
Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау саласындағы жетістіктерімізді адам-сағаты ескерілген белгілі бір жұмыс көлемінің орындалу кезінде орын алған оқиғалардың жиілігімен өлшейміз. Төменде 2021 жылғысы айрықша көрсетіліп, 2013-2021 жылдардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша көрсеткіштері берілген.
Төмендегі сызбада еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (ЕҚЖЖЖ) және тіркелуі тиіс жарақаттар жиілігі (ТТЖЖ) көрсетілген.
2021 жылы КПО-да есепке алынатын жарақаттар саны екі есе азайды. Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақат саны да азайды (2020 жылдағы екеуден 2021 жылда бір жарақатқа дейін). 2021 жылы КПО-да ЕҚЖЖЖ 0,03-ті (2020 жылғы 0,06-мен салыстырғанда), ал ТТЖЖ 0,09-ды (2020 жылғы 0,18-мен салыстырғанда) құрады.
КПО оқиғалардың қайталануын алдын алу мақсатында барлық оқиғаларды тексеріп зерттейді. Бұдан басқа, біз өзіміздің мердігер ұйымдармен және басқа да мүдделі тараптармен оқиғалардан алынған сабақтар бойынша ақпаратпен алмасамыз, сондай-ақ, қауіпсіздік техникасын жақсарту мақсатында басқа компаниялардың тәжірибесін де қарастырамыз.
Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар мен тіркелуі тиіс жарақаттар жиілігі: КПО мен мердігер ұйымдар, 2013-2021 жж.
Ескертпе:ЕҚЖЖЖ бен ТТЖЖ көрсеткіштерін есептеу үшін КПО-да келесі әдістер қолданылады:
1Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (ЕҚЖЖЖ) = еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелетін жарақаттар саны (еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар + адам қазасымен аяқталған жарақаттар) х 1 000 000 / адам сағат;
2Тіркелуі тиіс жарақаттар жиілігі (ТТЖЖ) = есепке алынуы тиіс жарақаттар саны (еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар + медициналық көмек көрсетілген жағдайлар + жеңіл жұмысқа ауыстыруға әкелген жағдайлар) х 1 000 000 / адам-сағат.
2021 жылы бір де бір айтарлықтай жол-көлік оқиғасы тіркелмеді. 2021 жылы жол-көлік оқиғаларының жиілігі (ЖКОЖ) 1 млн шақырым жүріп өткен жолға шаққанда нөлге тең болып сақталды (2020 жылдағыдай). Жол-көлік оқиғаларының нөлдік көрсеткіші жол қауіпсіздігін жақсарту жоспарының аясында орындалған бірқатар іс-шараларды орындаумен, жүргізу дағдыларын бағалаумен және «Жол қауіпсіздігі» бөлімінде сипатталған басқа да жетістіктермен байланысты болды.
2020 жылғы 37,9 млн км салыстырғанда 2021 жылы КПО көлік құралдарының жүріп өткен жолы 40,2 млн км құрады.
Ірі жол-көлік оқиғаларының жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2019–2021 жж
Ескертпе: КПО-да қолданылатын ЖКОЖ есептеу әдісі: жол-көлік оқиғаларының жиілігі = ірі жол-көлік оқиғаларының саны x 1 000 000 / км жүріп өткен жол.
Адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2019-2021 жж.
Ескертпе: КПО-да қолданылатын адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігін есептеу әдісі: адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігі (жасалған бір миллион адам-сағатқа шаққанда ) = адам қазасымен аяқталған оқиғалардың саны x 1 000 000 / жасалған адам-сағат.
Саланың басқа ұйымдарымен салыстыру
КПО компанияның тиімділік негізгі көрсеткіштерін (ТНК) мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығы (бұдан әрі IOGP) есебінде көрсетілген оператор компаниялардың көрсеткіштерімен салыстырады. IOGP қауымдастығы ЕҚ және ҚТ саласындағы тиімділік көрсеткіштерін жыл сайын www.iogp.org сайтында жариялайды.
2021 жылы КПО-да еңбекке қабілеттілігін жоғалту жарақаттар саны азайды (2020 жылы екі жарақатпен салыстырғанда 2021 жылы бір жарақат орын алды). Егер КПО-ның көрсеткіштерін 2021 жылғы саланың басқа компаниялар көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, КПО-ның еңбек ету қабілетін жоғалту жарақаттар жиілігі IOGP жетекші 10 компаниясының көрсеткіштерінен және IOGP орташа статистикалық көрсеткіштерінен жоғары.