ҚазРусEng

Тұрақты даму

Жол қауіпсіздігі

Жол қауіпсіздігінің тұрақты көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін КПО жол қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды жалғастыруда. 2021 жылы Компания жоспар іс-шараларының 90%-ын орындады.

2021 жылы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы негізгі жетістіктер мен орындалған іс-шаралар келесілерді қамтиды:

  • Жүргізушілер жұмысын одан әрі жақсарту үшін озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келтірілген КПО-ның бірінші және екінші реттік логистика үшін көлік құралдары мониторингінің жаңа жүйесі (КҚМЖ) параметрлерін енгізу;
  • КПО және мердігерлік ұйымдардың 170-тен астам жүргізушілер біліктілігін ішінара түрде де, қауіп-қатерлерге бағдарланған тәсілді қолдана отырып та, КҚМЖ RAG есептері, көлік құралдарының түрі, жүк түрі, жүріп өткен шақырым жол негізінде бағалау;
  • Ең төмен көрсеткіштері бар 6 мердігер ұйымдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігін тексеру;
  • Кен орны негізгі жолдарының шұңқырларын жөндеу, жол белгілерін ауыстыру және жол таңбаларын салу;
  • КПО және мердігер ұйымдар жүргізушілері үшін қыс мезгіліндегі жол қозғалысы қауіпсіздігі, жолдағы қауіп-қатерлер, оның ішінде жолдарда жануарларды қағып кету қаупі бойынша кезектен тыс жиналыстарды ұйымдастыру;
  • ISO 39001: Жол қозғалысы қауіпсіздігін басқару жүйесі — стандарт талаптарына толық сәйкестікпен алдын ала сертификаттау сәтті өтті. 2022 жылы КПО осы стандарт бойынша сертификаттаудан өтуді жоспарлап отыр.

ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ:
АҚСАЙ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАБАРДАРЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы:

Жыл сайын Компания Ақсай тұрғындарының қауіпсіздік техникасы мен жол қауіпсіздігі бойынша хабардарлығын арттыруға және осы мәселелерді насихаттауға зор көңіл бөліп келеді. КВИ пандемиясының шектеулеріне байланысты бірқатар жоспарланған іс-шаралар жаңа форматта өткізілді.

Жағдайдың шешімі / қолданылған әрекеттер:

Жыл сайын КПО Ақсай қаласы балалары мен олардың ата-аналарына 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай жол қауіпсіздігі шарасын өткізетін еді. 2020 жылғы КВИ пандемиясы салдарынан шара басқа форматта өтті.


КВИ пандемиясының шектеуліктеріне қарамастан және «Радио-Ақсай» радиостанциясы әріптестерінің көмегімен ҚТ корпоративтік бөлімінің қызметкерлері Instagram арқылы онлайн байқау өткізіп, қала ата-анарымен және балалармен сұхбаттасуға мүмкіндік алды.

 

Іс-шараға дейін бір апта бұрын бірнеше қысқа бейнероликтер дайындалып, «Радио-Аксай» Instagram парақшасына жүктелген болатын. Оның мақсаты кең таралған қауіп-қатерлер мен қауіпсіздік ережелері, қауіпсіз мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру және балалардың жарақаттануын болдырмау туралы ескерту болды. Сонымен қатар балалардың үйдегі, көшедегі, жолдағы және т.б. жерлердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарымен бөлісу мақсатында Ақсай тұрғындарына өз фотосуреттерін және бейнероликтерін жіберуді ұсындық.

 

Үздік шығармашылық жұмыстар іріктеліп, Балаларды қорғау күні «Радио—Ақсай» тікелей эфирінде жарияланды.

 

Сондай-ақ 2020 жылы «Ақсай» радиостанциясы толқынында Компанияның түрлі тақырыптары, атап айтқанда күнделікті өмірдегі және көшедегі қауіпсіздік ережелері, өрттің алдын алу, қауіпсіз көлік жүргізу, балалар қауіпсіздігі, сонымен қатар қыс уақыты мен қараңғы уақыттағы қауіпсіздік тақырыптары бойынша аудиороликтерді ойнату жалғастырылды. Қауіпсіздік техникасы мен жол қауіпсіздігі бойынша өзекті тақырыптар бойынша аудиороликтер күніне бес рет ойнатылып, ай сайын жаңартылып тұрады.

 

Сондай-ақ, жергілікті жол полициясы мен аудандық білім беру бөлімі өкілдерімен бірлесіп, қаланың орта жалпы білім беру мектептерінің төменгі сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі ережелерін насихаттау мақсатында ақпараттық іс-шаралар өткізілді. Осы іс-шаралар аясында балаларға естелік сыйлықтар және қараңғы уақытта қолданылатын 1 мыңнан астам жарық шағылыстырғыш фликер сыйға тартылды.