ҚазРусEng

Тұрақты даму

Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету

Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі бөлімнің негізгі міндеті ірі оқиғалардың алдын алу және адамдар, қоршаған орта, объектілер және компанияның беделі үшін тәуекелдерді төмендету болып табылады. Бұл міндетті орындауға қондырғылар мен жабдықтарды сауатты жобалау, салу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету ықпал етеді.

Авариясыз өндіріс және объектінің тұтастығы олар арналған технологиялық процестерді жүзеге асыратын конструкциялық жағынан берік және механикалық ақаусыз объектілер болған кезде ғана қамтамасыз етіледі. Ірі ауқымды оқиғаның туындау қаупінің іс жүзінде орынды төмен деңгейін қамтамасыз ету мақсатында жабдыққа, персоналға және процестерге қатысты кедергілер айқындалады.

ҚПО өзінің өндірістік қызметінің ықтимал қауіптерін қадағалайды және кедергілерді басқару жүйесін қолдана отырып, объектінің тұтастығы үшін қауіптерді азайтады. Бұл міндетті орындау үшін мынадай санаттар бойынша қорғаныс тосқауылдары айқындалды: жабдықтар, адамдар және процестер, осылайша, ірі ауқымды авариялардың туындау қаупінің деңгейі іс жүзінде барынша орынды төмен деңгейге дейін төмендейді. Объектінің тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі бөлім Негізгі өндірістік объектілердің персоналымен бірге салдарларды жұмсарту жөнінде шаралар қабылдау және кез келген ірі аварияның алдын алу үшін осы тосқауылдарды олардың бастапқы конструкциясына дейін қалпына келтіру жөніндегі жоспарларды әзірлеу мақсатында әлсіз жерлерді анықтау үшін қорғау кедергілерінің жай-күйін үздіксіз бағалайды.

Жабдықтың алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы (АҚҚТБ) – технологиялық жабдықтың, оның ішінде уытты емес және жанбайтын заттардың, алғашқы қорғаныш қабатынан кез келген заттың жоспарланбаған немесе бақыланбайтын ағып кетулер. КПО-ның 2021 ж. ТҚҰО көрсеткіштері туралы есебінде 2021 ж. ішінде болған бастапқы қорғаныш қабықшасының бұзылуымен байланысты оқиғаларға, сондай-ақ оларға қатысты тағайындалған түзету іс-қимылдарына талдау ұсынылған:

  • Түпкі себептер (оқиғаларды тергеудің «Tap Root» әдістемесіне сәйкес),
  • «Технологиялық процесс қауіпсіздігінің негіздері» ережелерін сақтау деңгейі,
  • Түзету іс-шараларының статусы,
  • Ағып кетулерді тіркеу кітабы.

Ірі ауқымды апаттардың орын алуына әкелуі мүмкін қауіпті факторларды бақылау және талдау технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғалардың алдын алудың және олардың күрделілік дәрежесін төмендетудің негізі болып табылады. Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиға орын алған жағдайда, «Synergi» дерекқорында тіркелумен тиісті тергеу басталады.

2019-2021 жылғы статистикалық талдау 2020 жылмен салыстарғанда 2021 жылы АҚҚТБ жағдайлар саны 44,4%-ке азайғанын көрсетті. ҚӨК-де 1-деңгейлі технологиялық қауіпсіздіктің бір жағдайы орын алды, онда қымтаулылыққа сынау жұмыстары барысында КПО жетекші операторының бетіне каустикалық сода ерітіндісі шашырап кетті. Зардап шегуші апаттық душты пайдаланып, дереу көзін сумен шайып, алғашқы көмекке жүгінді және кейін медициналық тексерулерден өтті; көру қабілетіне зақым келмеді, бірақ оған еңбекке жарамсыздық парағы ашылды. 2021 жылы 2-деңгейлі АҚҚТБ жағдайы орын алған жоқ. 3-деңгейлі АҚҚТБ саны 2020 жылғы 17-ден 2021 жылы 7 жағдайға азайды.

Өндірістік нысандар бойынша технологиялық жабдықтың алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы жағдайлары, 2019-2021 жж.

Ескерту: Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғалар (1/2/3 дәрежелі) анықтамасымен танысу үшін “Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығы ұйымының (IOGP)” № 456 стандартынмен танысып шығыңыз.