ҚазРусEng

Тұрақты даму

Төтенше жағдайлар мәселелері бойынша жергілікті халықпен қарым-қатынас жүргізу

КПО компаниясы ҚМГКК аумағында ТЖ болған жағдайда әрекет ету тәртібі туралы елді мекендер тұрғындарының хабардар болу деңгейін қадағалап отырады. 2021 жылы бекітілген жоспарға сәйкес кен орнының периметрі бойынша орналасқан ауылдық округ әкімдерімен және елді мекендердің тұрғындарымен 40 адамды қамти отырып, қараусыз жүрген мал-қауіп көзі, орталық мониторинг станциясының, апаттық хабарлау станциясының рөлі және олардың жабдықтарын зерттеу тақырыптары бойынша төрт кездесу өткізілді.

Елді мекендердегі апаттық хабарлау станцияларының тұрақты әзірлігін сақтау мақсатында 2021 жыл ішінде КПО апаттық әрекет ету тобының халықты қорғау жөніндегі мамандары мердігерлік ұйымның өкілдерімен бірлесіп, апаттық құлақтандыру дабылдары мен дауыс зорайтқыш байланыс жүйелерін ай сайын тестілеуден өткізді, сондай-ақ осы жабдыққа техникалық қызмет көрсетті. Аталмыш апаттық құлақтандыру станциялары кен орнының периметрі бойынша орналасқан сегіз елді мекенде орнатылды.

КПО әлі де су тасқыны, өрт қаупі болуы ықтимал және қысқы кезеңдерде жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруда.