ҚазРусEng

Тұрақты даму

Еңбек гигиенасы

Жұмыс орындарының санитарлық-гигиеналық мониторингі

Біздің Компания — өз санитарлық-гигиеналық зертханасы бар Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Зертхана осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын нормативтік талаптардың сақталуын бақылау мақсатында құрылды, содан бері оның қызметтері айтарлықтай кеңейтілді. Қазіргі таңда бұл жоғары білікті қызметкерлерімен қамтамасыз етілген, өндірістік гигиена бойынша қызмет көрсететін заманауи жабдықталған санитарлық-гигиеналық зертханасы. Зертхананың кейбір қызметтері төменде көрсетілген:

  • Жұмыс орындарының санитарлық-гигиеналық мониторингі,
  • Жұмыс орнын бағалау (соның ішінде қызметкерлердің денсаулығына төніп тұрған қауіп-қатерлерді бағалау),
  • Асханалардың қауіпсіздігін тексеру,
  • Су сапасын бақылау,
  • Радиациялық бақылау,
  • Жұмыс орындарын куәландыру,
  • Кеңесшілік сүйемелдеу,
  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы аудиттер,
  • Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу.

КПО санитарлық-гигиеналық бақылауды екі негізгі бағытта жүргізеді: жұмыс аймағының ауасындағы химиялық заттардың мөлшерін және физикалық факторларды өлшеу.

Ауыз су сапасын және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау

Денсаулық сақтау және өнеркәсіптік гигиена мамандары Компания қызметкерлеріне тамақ ұсынатын қоғамдық тамақтану нысандарына тұрақты негізде (тоқсан сайын/ай сайын) тексеру жүргізеді. Жыл сайын сәйкессіздіктерді анықтауға және оларды жоюға бағытталған 50-ден астам тексерістер жүргізіледі.