ҚазРусEng
КПО қазақстандық компаниялар өкілдеріне семинар өткізді

Ақсай, Батыс Қазақстан облысы, 2021 жылғы 24 тамыз, - «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» КПО БҚО өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері үшін Қарашығанақты кеңейту жобасымен (1А кезеңі (5ГАК) таныстыру бойынша семинар өткізді.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты отандық тауар өндірушілерді тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді орындау арқылы осы жобаға қатысу мүмкіндіктерімен таныстыру болды.

Семинар Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің және Қарашығанақ кеңейту жобасын (1А кезеңі (5ГАК)) жобалау, жабдықтау және құрылыс жүргізу (ЖСҚ) жөніндегі мердігерінің ат салысуымен өткізілді.

Семинар аясында ЖСҚ мердігері мен БҚО компаниялары арасында жеке кездесулер өткізілді.   Сонымен қатар, БҚО кәсіпорындарының өндірістік әлеуетімен танысу мақсатында кәсіпорындарға сапар ұйымдастырылды.

Семинарға қатысушыларға қазақстандық кәсіпорындар игере алатын 5ГАК жобасы нысандарының құрылысы бойынша жоспарлаған жұмыстарға қатысты ақпарат берілді.

Семинар барысында отандық кәсіпорындардың өкілдері жоба аясында жоспарланған жұмыстар мен қызметтерді сатып алу мен тапсырыстарға қатысты сұрақтарға жауап алды.   Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға жеткізушілердің талаптарға сәйкестігін бағалау рәсімі және ЖСҚ мердігердің тендерлік талаптары туралы толық ақпарат ұсынылды.

Іс-шараға қатысушылар атап өткендей, семинардың арқасында олар КПО мен мердігерлік ұйымдар Қарашығанақты кеңейту жобасына (1А-кезең) тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуге қойған талаптар туралы толық түсінік алды, бұл олардың осы жобаға қатысу мүмкіндіктерін арттырды.

КПО корпоративтік байланыстар бөлімі