ҚазРусEng
КПО компаниясы балалар және жастар спорт мектебінің құрылысын сәтті аяқтады

Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы, 18 қыркүйек 2021 жыл - «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В» компаниясы (КПО) Батыс Қазақстан облысы Зашаған ауылында балалар және жастар спорт мектебінің ашылғанын жариялады. 

Салтанантты шараға БҚО әкімі Ғали Исқалиев, КПО компаниясының басшылығы, қазақстандық әуесқой боксшы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов және мердігер ұйымдар мен қоғам өкілдері қатысты.

КПО бас директорының орынбасары, Қуаныш Құдайбергенов қала тұрғындарын облыстың спорт өміріндегі қуанышты шараның орын алып жатқанымен құттықтап, осы жобаның іске асуы КПО мен Батыс Қазақстан облысы басшылығы арасындағы жемісті ынтымақтастық пен серіктестік қатынастардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Өз сөзінде Қуаныш Құдайбергенов: «Жаңа кешенде шеберлікті арттыру мен спорт саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге барлық жағдай жасалған. Жаттықтырушылар құрамына толағай табыс, ал жас спортшыларға жаңа кәсіби биіктерді бағындыруды тілеймін», - деп жылы лебізін жеткізді.

Екі қабатты спорт мектебінің жалпы ауданы 2004 шаршы метрді құрайы. Бірінші қабатта баскетбол, волейбол, шағын футбол сияқты спорттық ойындармен шұғылдануға арналған спорт залы мен медициналық кабинет бар. Ал мектептің екінші қабатында әкімшілік кеңселер, әдістемелік кабинет пен жиналыс бөлмесі орналастырылды. Мектептің оқу-жаттығу базасы барлық заманауи талаптарға сай.