ҚазРусEng
КПО көп функционалды мәдениет сарайы құрылысын аяқтады

ОРАЛ, Батыс Қазақстан Облысы, 2021 жылдың 8 қазаны — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компанияның өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жобасы аясында іске асырылған Орал қаласындағы көп функционалды мәдениет сарайы құрылысының сәтті аяқталуы жайында жариялады.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, БҚО әкімі Ғали Есқалиев, КПО басшылығы, мердігер ұйымдар мен қала жұртшылығының өкілдері, қазақстандық мәдениеттің көрнекті қайраткерлері қатысты.

Көп функционалды мәдениет сарайының құрылысы екі жылда аяқталды. КПО-ның жобаға жалпы қаржы жұмсалымы 24 миллионнан астам АҚШ долларды құрады. Бұл әлеуметтік жобаның негізгі мердігері болып Орал қаласындағы «Альтаир» ЖШС таңталды.

КПО бас директоры Джанкарло Рую: «КПО Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік жобаларды іске асыруға белсенді қатысады. Біз өңірді дамыту және оның тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін Қарашығанақ кен орнының әлеуетін барынша пайдалануға тырысамыз» — деп айтып кетті.

«Жаңа мәдениет сарайы КПО мен БҚО қоғамдастықтары арасындағы жемісті және берік ынтымақтастығының айқын дәлелі. Бұл сарайдың ашылуын келе жатқан Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау мерекесіне керемет сыйы ретінде де қарастыруға болады. Сонымен қатар, мен осы маңызды жобаның жүзеге асырылуына үлесін қосқандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді» — деді Джанкарло Рую.

Мәдениет сарайы жеті блоктан тұратын үш қабатты классикалық стильдегі ғимарат болып келеді. Бағаналы қатарлар, пиластрлар, карниздер, кең баспалдақтар және мәнерлеп жабыстырылған күрделі сылақ элементтері ғимаратқа классикалық сәулет стилінің көрінісін береді. Ғимараттың жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайды.

Сондай-ақ, мәдениет сарайында бос уақытты өткізуге арналған аймақ бар, оның ішінде бейнелеу өнері, техникалық шығармашылық, көркемөнер мен қолөнері. Сарайдың кең залдарында балалар кештері мен вернисаждарды өткізуге болады.

КПО Италия және Нидерланды Корольдігінің Елшіліктерімен бірге сарайдың ашылу салтанатына арнап итальяндық және голландиялық заманауи суретшілер мен мүсіншілердің көрмесін ұйымдастырды. Жоба аясында көршілес орналасқан аумақтарды абаттандыру да жүргізілді.

Жаңа мәдениет сарайы Орал қаласының сәулеттік келбетін үйлесімді түрде әсемдей тұрып, Тұңғыш Президент алаңының шынайы көркіне айналды.

Орал қаласының құрметті педагогі Халила Нұрмұханова: «Біз қала тұрғындары ретінде облыс орталығының соңғы жылдары гүлденіп келе жатқанын көруге қуаныштымыз. Осыған дейін бізде осындай әдемі және үлкен мәдениет сарайы болмаған, біз оны асыға күттік, енді арманымыз орындалды. Өңіріміздің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан зор үлесі үшін КПО компаниясына шексіз ризашылығымызды білдіреміз» — деп сөз сөйледі.

Қарашығанақ кен орнын игерудің соңғы жиырма жылында КПО қаражаты арқылы Батыс Қазақстан облысында жүздеген шақырым жаңа жолдар, ондаған мектептер, ауруханалар, спорттық және мәдени нысандар салынды.

Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға КПО инвестициясының жалпы көлемі 449 миллион АҚШ долларынан асты. Басым объектілердің тізімін БҚО әкімдігі белгілейді, ал КПО келісімшарттар орнатуға, жұмыстардың орындалуына және жобалардың толықтай жүзеге асуларына жауап береді. Құрылыстың барлық кезеңдеріне тек жергілікті мердігер ұйымдар қатысады.

КПО-ның Корпоративті байланыстар жөніндегі бөлімі