ҚазРусEng
КПО Республикалық экологиялық байқау жеңімпазы атанды

НҰР-СҰЛТАН, Қазақстан Республикасы, 2021 жылғы 22 қазан —"Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В." (КПО) компаниясы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Жасыл кеңсе — 2021» республикалық III байқауында жеңімпаздар қатарынан көрініп, салтанатты марапаттау рәсімінде құрмет дипломына ие болды.

«Жасыл кеңсе — 2021» байқауына мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен өкілдіктер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, қаржылық ұйымдар мен МЕМ, білім беру, денсаулық сақтау саласының 100 -ден астам ұйымы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 30 кәсіпорын түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды. КПО өнеркәсіптік кәсіпорындар санаты бойынша жеңімпаз атанды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы КПО өкілдігінің басқарушысы Қанат Нұрахметов атап өткендей: «КПО бұл марапатты компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктерінің жоғары бағасы ретінде қабылдайды, бұл -басшылық пен қызметкерлердің экологиялық басқару жүйесін кәсіпорнымызда үнемі жетілдіруге ұмтылысының нышаны. КПО тұрақты даму қағидаттарын ұстанып, жасыл экономикаға көшу бастамасын толықтай қолдайды».

«Қарашығанақ кен орнын игеру кезінде компания инновациялық технологияларды қолданады, сонымен бірге қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайту және өндіріс қызметінің энергия тиімділігін арттыру біздің бірінші кезектегі міндеттеріміз болып табылады», — ден қосты Қанат Нұрахметов.

КПО Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың арасында алғашқылардың бірі болып экологиялық көрсеткіштерді бақылауды, есеп беру және компания қызметкерлерінің экологиялық даярлығын қамтитын «жасыл кеңсе» экологиялық тұжырымдамасына көшуді қолдады.

Компания экологиялық білім беруді «жасыл кеңсе» тұжырымдамасын енгізудің басымдығы ретінде анықтады, себебі бұл бастама компания ресурстарына ұқыпты қарау, сондай-ақ жасыл технологиялар мен жұмыс әдістемелеріне адалдықты арттыру арқылы қызметкерлердің санасын өзгертуге қажетті жағдай жасайды.

«Жасыл кеңсе-2021» байқауы Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл шара қызметкерлер арасында экологиялық өмір салтын ұстануды, «жасыл» және көміртегі аз технологияларды пайдалануды насихаттау, озық әдістемелер мен озық тәжірибелердің технологиялық шешімдерін тарату, сондай-ақ қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау көзқарасын қалыптастыру үшін қолайлы жұмыс жағдайын жасауға жәрдемдесу мақсатында өткізіледі.

КПО корпоративтік байланыстар бөлімі