ҚазРусEng
Қарашығанақта бұрғылау жұмыстары қайта басталды

Ақсай, Батыс Қазақстан облысы, 2021 жылғы, 08 қараша — COVID-19 пандемиясының салдарынан туындаған барлық қиындықтар мен шектеулерге қарамастан, КПО өз қызметін әдеттегі тәртіпте айтарлықтай көлемде жалғастыра алды. Тиісті әрекеттері арқасында КПО жергілікті мердігерлерге қолдау көрсету үздіксіздігін, сонымен қатар өңірдегі бизнес орнықтылығы мен әлеуметтік тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз етті.

Барлық қызметкерлердің денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, COVID салдарына байланысты 2020/21 жылдары ұңғыма операциялары ішінара тоқтатылды. ҰЖЖ және аз тонналы бұрғылау қондырғыларының жұмыстары біздің тиісті мердігерлерімізге мейлінше аз әсер етумен жалғасты.

2021 жылғы 10 қыркүйекте КПО № 9864 ұңғымада қуаты 3000 а. к. бұрғылау қондырғысымен бұрғылау жұмыстарын сәтті қайта бастады. Өткен жылы КПО қуаты 3000 а.к. болатын 2 жерүсті бұрғылау қондырғысын жеткізуге тендер өткізіп, 2022 жылдың үшінші тоқсанынан бастап осы қондырғылардың көмегімен ұңғымаларды бұрғылауды көздеген болатын.

Қазіргі уақытта пайдаланыстағы қуаты 3000 а.к. бұрғылау қондырғысын «ҚМГ-Паркер» , ал бұрғылаумен байланысты басқа да қызметтерді «Schlumberger», «Haliburton», «Baker Hughes» және басқа да компанияның жергілікті бөлімшелері ұсынып отыр. Осы негізгі мердігерлерден басқа, ұңғыма операциялары бөлімі Қарашығанақ кен орнында жұмыс істейтін көптеген жергілікті мердігерлермен әрекеттесуде. Жалпы, ұңғыманы құру және аяқтаумен байланысты жұмыстарға 100-ден астам жергілікті қызметкер қажет.

Қарашығанақта бұрғылау жұмыстарын қайта бастау КПО-ның Қарашығанақ кен орнын игеруді жалғастыру және жергілікті халық үшін мүмкіндіктер жасау жөніндегі өз міндеттемелеріне адалдығын көрсетеді. Бұл маңызды кезең мердігерлер ұжымының тұрақты жұмыспен қамтылуын, сондай-ақ жергілікті қамтуды қолдау мен дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұрғылау жұмыстарын қайта бастау республика бюджетіне қосымша қаражат түсімін, сондай-ақ Қарашығанақ кен орнын игерудің бекітілген жоспарларына сәйкес өндірістік қуаттарды кеңейтуді қамтамасыз етеді.

КПО корпоративтік мәселелер бөлімі