ҚазРусEng
КПО делегациясы «Digital Almaty 2024» халықаралық форумына қатысты

АЛМАТЫ, 5 ақпан 2024 ж. — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) делегациясы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі және Алматы қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Digital Almaty 2024: Х индустриясы: болашақтың цифрлық эволюциясы» атты халықаралық цифрлық форумға қатысты.

 

Форум аясында пленарлық сессиясы өтіп, оған Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің үкімет басшылары қатысты. Шамамен 300 баяндамашы, соның ішінде 70 халықаралық сарапшы цифрлық саладағы тенденциялар мен стратегиялар төңірегінде ой қозғады.

 

Көрме стендтерінде Қазақстанның тау-кен, металлургия кешені мен мұнай-газ секторының өкілдері озық технологияларды көрсетті.

 

КПО-ның цифрландыру саласындағы еңбектері, соның ішінде ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, киберқауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыру, Big Data және операциялық технологиялардың қауіпсіздігін сақтау жөніндегі жобалар мен бағдарламалар таныстырылды.

 

КПО делегациясы цифрлық бетбұрысқа, соның ішінде индустриялық бетбұрыс, отын-энергетика кешенін цифрландыру, машина оқыту мен цифрландыру саласында қызмет ететін әйелдерге арналған панельдік сессияларға қатысты.

 

Форум соңында сыйлық қоры 180 000 АҚШ долларын құрайтын ірі Industry 4.0 Start-up Battle өтіп, КПО бөлім басшысы оған әділ қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты.

 

КПО-ның аталмыш іс-шараға қатысуы өндіріс процесінде киберқауіпсіздік, машина оқыту мен жасанды интеллектіні пайдалану саласында көп ақпарат алуға мүмкіндік берді. Алынған сабақтардың бірі — цифрлық бетбұрыс бағытында салааралық әрекеттестік пен серіктестік ауқымын кеңейтудің маңызы.

 


БАҚ-қа арналған ескертпе:

 

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), " Лукойл" (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК" АҚ (10%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.

 

КПО әлемдегі ең ірі газ конденсат кен орындарының бірі — Қарашығанақ кен орнын игерумен және кеңейтумен айналысады.

 


КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі