ҚазРусEng
КПО бизнес серіктестермен жиналыс өткізді

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) өз бизнес серіктестерімен кездесіп, оларға су тасқынына қарсы ұйымдастырылған шараларды уақтылы қолдағаны үшін алғысын білдірді. КПО бас директоры Марко Марсили су тасқыны салдарынан 12 000-нан астам үй суға кетіп, көптеген отбасылар баспанасыз қалғанын және осындай қиын-қыстау жағдайда бизнес-қауымдастықтың шет қалмай, халыққа қол ұшын созғаны маңызды екенін айтты. Зардап шеккендердің көбі үшін су басқан үйлер жалғыз баспанасы болатын.

 

Кездесу барысында КПО бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев АҚ «АГС» компаниясының бас атқарушы директоры Шектебаев Тілек мырзаға 1 миллиард теңге көлемінде қаржылай қайырымдылық жасағаны үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, КПО басшылығы басқа бизнес-серіктестерді де апаттан зардап шеккендерге қаржылай немесе материалдық қолдау көрсетуге шақырды.

 

Онлайн және офлайн режимінде 70-тен астам компаниялардың өкілдері қатысқан шарада қызметі Қарашығанақпен байланысты бизнес қауымдастықтың сын сағатта бірлесіп әрекет ету қажет екені айтылды және осындай өте ауқымды табиғи апат орын алып, ел басына күн түскенде, қызметін жүзеге асырып жүрген өңір алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі мен адалдығын көрсету маңызды екені баса айтылды.

 

Жиналыстың соңында Марко Марсили осы су тасқынынан келген зардаптың ауқымы туралы айта келе, алда зор міндет тұрғанын — зардап шеккен халықтың тұрмыс-тіршілігін қайта қалпына келтіру жолында жұмыстану қажеттігін атап өтті. Үйлерді қалпына келтіру үшін алдағы бірнеше айда барлығы бірлесіп, бар күш-жігерін салып, табанды еңбек етуі қажет. Осы орайда БҚО Бөрлі ауданындағы үйлерді қайта қалпына келтіру шараларын қолдау мақсатында КПО 2 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді.

 

КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі