ҚазРусEng
18.03.2021
КПО Қарашығанақтағы газ бойынша өндірістік шектеулерді алу жобасының сәтті аяқталуы туралы хабарлады

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 2021 жылғы 18 наурыз – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг б.в.» (КПО) компаниясы Қарашығанақ кен орнындағы газ бойынша өндірістік шектеулерді алу (ҚГӨША) жобасының сәтті аяқталуы туралы хабарлады. ҚГӨША жобасының өндірістік объектілерін іске қосудың салтанатты шарасына әкім Ғани Есқалиев бастаған Батыс Қазақстан облысының жоғары жетекшілігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Алик Айдарбаев бастаған өкілдері, КПО бас директоры және «Сичим» мердігерлік ұйымның жетекшісі қатысты.     

Қондырғыны іске қосуға қатысты сөзінде КПО бас директоры Эдвин Блом: «Біз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарашығанақ кен орнын одан әрі игеру жөніндегі тұжырымына толық сәйкес келетін осы маңызды жетістік туралы қуана хабарлаймыз.  ҚГӨША сәтті аяқталуы Қарашығанақ кен орнын үздіксіз игерудің тарихи кезеңін білдіреді. Бұл жоба қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын сақтау, оны экономикалық тиімді және мерзімінен бұрын аяқтау арқылы бұл саладағы стандарттарды жоғары сатыға көтерді», - деді.

«ҚГӨША жобасы өндіріс деңгейін арттыру бойынша барлық өзге жобаларды, соның ішінде орындалуы басталған 4-кері айдау компрессоры және мақұлдану сатысынан өткен  5-кері айдау компрессоры жобаларын жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік әлеуетті қамтамасыз етуді көздейді. Осындай маңызды жобалар Қарашығанақ кен орнында сұйық көмірсутектерді өндіру мерзімін арттыруға бағытталған. Бұлар Қазақстан Республикасына және Қарашығанақ жобасының акционерлеріне елеулі пайда әкеліп, тұрақты табыс көзін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге осы саладағы болашақ инвестициялық жобаларға және іске асыру кезінде жергілікті қамтуды барынша арттыруға тиісті ресурстарды ұсынады», - деп қосты Эдвин Блом.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев өз сөзінде ҚӨК газ бойынша өндірістік шектеулерді алу жобасын іске қосу Қарашығанақ жобасы Қарашығанақ жобасын одан әрі игеру тарихындағы елеулі жетістік екенін атап өтті.

«Осындай зәулім нысанды салу үшін білім, тәжірибе және ең алдымен асқан біліктілік қажет. Мен жергілікті және басқа облыстардан келіп, осы нысанның құрылысына елеулі үлес қосқан барлық қызметкерлерге алғысымды айтамын. Бүгінгі таңда КПО - бұл тек облыстың ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отырған ірі компаниялардың бірі. Өткен жылдың өзінде КПО компаниясының арқасында жергілікті бюджетке 34 миллиард теңге көлеміндегі қаражат түсті», - деді Ғали Есқалиев.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Алик Айдарбаев: «Газ бойынша өндірістік шектеулерді алу» жобасы 2018 жылдың соңында басталды, және 2021 жылдың төртінші тоқсанында ғана аяқталуы керек болатын. Бірақ барлық жұмыстар коронавирус пандемиясымен байланысты шектеулерге қарамастан мерзімінен бұрын жүргізілді. Жобаны іске асыру жинақталған сұйық көмірсутектер өндірісінің қосымша ұлғаюын қамтамасыз етеді. Алайда, компанияны одан да ауқымды міндеттер күтіп тұр. Мысалы, жаңа жұмыс орындарын құруға, қосымша инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға мүмкіндік беретін «Қарашығанақты кеңейту жобасы», - деді

«КПО компаниясы Қарашығанақ алып кен орнын қауіпсіз игерудің қағидаттарын бұрынғыдай ұстанып келеді. Пандемия мен оған байланысты сапарлар мен жеткізуге қатысты шектеулерге қарамастан, бұл жобаларды 2020 жылы аяқтау әрекетімізді біз ерекше мақтан тұтамыз», - деп сөзін қорытындылады Эдвин Блом.

Бүгінге дейін КПО консорциумы Қарашығанақ кен орнын игеруге  27 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салды, соның ішінде  8,2 миллиард АҚШ доллары жергілікті тауарлар мен қызметтерге жұмсалды. ҚГӨША жобасының жергілікті қамту үлесі 57 % құрады.

КПО корпоративтік байланыстар бөлімі