ҚазРусEng
07.04.2022
КПО Орал қаласындағы Халықаралық әуежайдың жаңа терминалы пайдалануға берілгені туралы жариялады.

ОРАЛ, Батыс Қазақстан облысы, 2022 жылғы 7 наурыз — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы Орал қаласындағы Халықаралық әуежайдың жаңа терминалы пайдалануға берілгені туралы жариялады.

ҚР Үкіметі 28 наурызда Орал халықаралық әуежайына БҚО тумасы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы қаулыға қол қойды.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ғали Есқалиев бастаған облыстың басшылық өкілдері, КПО және мердігер ұйымдардың басшылары, сондай-ақ Орал қаласының жұртшылық өкілдері қатысты.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев өз сөзінде атап өткендей, «халықаралық әуежайдың жаңа терминалының ашылуы — тек өңір тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиға».

«Халықаралық әуежайдың жаңа терминалы аса күрделі нысан болып табылады және мен бұл жобаны жергілікті құрылыс компаниялары жүзеге асырғанын ерекше мақтан тұтамын. Жаңа әуежай біздің өңіріміздің одан әрі даму мен өркендеуіне септігін тигізеді, өңірдегі туризмнің дамуына серпін береді, оның арқасында әуе тасымалдары және жолаушылар саны артады және жаңа халықаралық бағыттар ашылады деп үміттенемін», — деді Ғали Есқалиев.

КПО бас директоры Джанкарло Рую атап өткендей, бұл маңызды жоба КПО мен облыс басшылығы арасында орнатылған табысты ынтымақтастық пен серіктестік қатынастардың арқасында сәтті жүзеге асырылды.

«КПО компаниясы БҚО-да әлеуметтік жобаларды іске асыруға белсенді қатысады және КПО-ның өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестицияларының жалпы сомасы қазіргі таңда 455 млн. АҚШ долларынан асты. Біз тұрақты даму жөніндегі міндеттерді ескере отырып, аймақтың барша тұрғындарының мүддесі үшін Қарашығанақты игерудің ел үшін барынша ұтымды болуын қамтамасыз ету болып табылатын ортақ мақсатымызды негізге ала отырып, республиканың уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыра береміз».

Әуежайдың жаңа терминалы халықаралық стандарттарға сәйкес және заманауи технологияларды пайдаланып салынды. Ол сағатына 200 жолаушыны қабылдап, жылына 600 мың жолаушыға қызмет көрсете алады.

КПО корпоративтік байланыстар бөлімі