ҚазРусEng
06.06.2022
КПО экологиялық конференцияға қатысты

2022 жылғы 3 маусым, Маңғыстау облысы, Ақтау қ. — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) Ақтау қаласында өткен «Тұрақты даму үшін жауапты бизнес» атты экологиялық конференцияға қатысты.

Бұл шара БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында өтті.

Қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың және халықаралық ұйымдардың 180 астам экологы қатысқан конференцияның басты мақсаты қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және заңнамалық реттеу жөніндегі өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасу.

Сондай-ақ конференция шеңберінде экологиялық көрме ұйымдастырылып, онда КПО өзінің табиғатты қорғау қызметі бойынша ақпараттық стендті көрсетті.

Панельдік сессия кезінде КПО Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы Руслан Мукангалиев «Қалдықтарды жаңа ресурстар ретінде қарастыру: тәжірибе және даму келешегі» атты баяндамасымен сөз алып, конференция қатысушыларына КПО-ның негізгі экологиялық жетістіктері мен Қарашығанақ кен орнындағы қалдықтарды басқару саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы айтып берді.

«КПО-да қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесі әрекет етеді, және әлемдік стандарттар талаптарына сай келетін өндірістік және коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша заманауи эко орталық жұмыс жасайды. Ол өндірістік қалдықтардың айтарлықтай бөлігін қайта өңдеп, қоршаған ортаға деген әсерді едәуір азайтуға көмектеседі»- деді Руслан Мукангалиев.

КПО Корпоративтік байланыстар бөлімі