Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Су тұтыну және сарқынды суларға қатысты шаралар
- /
- Өнеркәсіптік ағын суларды басқару
Өнеркәсіптік ағын суларды басқару
Қарашығанақ кен орнындағы қойнауқаттық суларды және өндірістік ағын суларды кәдеге жарату — Компанияның маңызды міндеттерінің бірі.
КПО-ның өндірістік ағындарды басқару стратегиясы жер асты суларын пайдалану тұрғысынан өндірістік шектеулерді алып тастауға, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігін, жабдықтың тұтастығын және экологиялық талаптарды сақтауға бағытталған бірқатар өзара байланысты жобаларды жүзеге асыру болып табылады.
Компания 2-полигонда қабатқа кері айдалатын көлемді 2023 жылдан 2037 жылға дейін жылына 1 100 мың м3-ге дейін ұлғайту мақсатында полигондарға айдау жобасын толықтыру туралы шешім қабылдады. Қабатқа кері айдау жобасының 3-қосымшасында өнеркәсіптік кері айдалатын ағынды сулардың жоспарланған көлемін ұлғайту, сондай-ақ айдау ұңғымаларының әлеуетін арттыру жөніндегі іс-шараларды қамтылатын болады. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін 3-толықтыруға қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ҚОӘБ) әзірлеп, кейін қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарлануда.
2021 жылы екі жоспарланған жоба аяқталды: өнеркәсіптік ағындарды тиімдірек жою үшін екінші сіңіргіш ұңғыманыны күрделі жөндеу және каустик содамен өңдеу процесін автоматтандыру үшін модификацияланған газолинді меркаптаннан тазарту қондырғысын іске қосу.
2022 жылы жобаларды әрі қарай зерделеу және іске асыру бойынша жұмыстар, оның ішінде пайдаланылған каустикті бейтараптандыру блогын жаңғырту жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, 2022 жылы ЖЖЖ кезінде өнеркәсіптік ағындарды мұнайдан тазарту үшін қажетті газарындық флотациялық қондырғы мен көлбеу пластиналы сепаратордың ыдыстарын ауыстыру жоспарлануда. Бұл ыдыстарды ауыстыру нысанның тұтастығын және жоғары өткізу қабілетін сақтауды қамтамасыз етеді, нәтижесінде мұнайды судан бөлу сапасы артады, бұл терең қабаттарға айдау алдында сарқынды суларды дайындаудың бүкіл жүйесінің жұмысына оң әсер етеді.
2021 ж. өнеркәсіптік ағын суларды басқару саласында орындалған жобалар
Жоба | Бизнес-фактор | Ескертпе |
Модификацияланған газолинді меркаптаннан тазарту қондырғысын іске қосу | Өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету | Жобаны іске асыру кейіннен бейтараптандыру блогына түсетін пайдаланылған каустик соданың түзілуін оңтайландыруға мүмкіндік берді. Процесті автоматтандырудың арқасында қызметкерлер үшін қауіпті реагенттермен әрекеттесу қаупі едәуір азайтылды. |
Екі айдау ұңғымасын күрделі жөндеу | Өндіру деңгейін қолдау | Жер қойнауқатын проппантты қолданып, сумен ажырату арқылы екі сіңіргіш ұңғыманы күрделі жөндеу айдау көлемін ұлғайту үшін өндірістік ағындарды кері айдау ұңғымаларының қабылдау әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік берді. |