ҚазРусEng

Тұрақты даму

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелері бойынша өзара әрекеттесу және ақпарат алмасу

«Алтын ережелер» және «Өмірлік маңызды ережелер»

КПО ЕҚ, ҚТ мен ҚОҚ саясаты шеңберінде қауіпсіздік мәдениетін арттыру және оқиғаларды азайту мақсатында КПО-да үш негізгі «Алтын ереже» (2017 ж. бастап) және 11 «Өмірлік маңызды ережелер» (2019 ж. бастап) белгіленген.

«Алтын ережелер» Компанияның қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау көзқарасын реттейді: заңнамалық нормаларды сақтауға, қауіп төнген жағдайда араласуға, өзара әрекеттесу кезінде әріптестерді құрметтеуге бағытталған.

«Өмірлік маңызды ережелер» Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) қағидаларына негізделген және мұнай-газ өнеркәсібі ұйымдары арасындағы ЕҚ және ҚТ саласындағы әлемдік қағидаларды стандарттау шеңберінде, сондай-ақ білім, тәжірибе және алған сабақтармен алмасуды жақсарту мақсатында құрылған.

Бұл ережелер қауіптілігі жоғары жұмыстардың 11 түрін қамтыған:

Бұл белгіленген ережелер КПО-ның барлық қызметкерлеріне, мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты және Компания қызмет істейтін барлық активтер мен өндірістік нысандарда қолданылады.

Қызметкерлердің «Өмірлік маңызды ережелер» туралы хабардарлығын одан әрі арттыру мақсатымен 2021 жылы «Өмірлік маңызды ережелерді» терең зерттеу науқаны басталды. Оны жете түсінуді қамтамасыз ету үшін науқанға оқу материалдарын әзірлеу және қызметкерлерді тестілеу (электрондық оқыту) кірді. Қызметкерлер нәтижелері келесідей:

  • 3 589 адам «Қорғаныс жүйелерін ажырату» электрондық курсынан сәтті өтті;
  • 3 571 адам «Қауіпті аймақ» электрондық курсынан сәтті өтті.

Салдарды басқару

КПО-да «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы тәртіптік жауапкершілік және салдарды басқару моделі» жұмыс істейді. Ол оң немесе теріс салдары болуы мүмкін, және сол салдардың оң немесе теріс болуына байланысты тиісті марапаттауды немесе жазаны анықтап беруге көмектесетін қызметкердің тәртібін жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз етеді.

2021 жылы Компания мен мердігер ұйымдардың қызметкерлерін осы модельмен таныстыру бойынша жұмыстар онлайн-кеңестер арқылы жалғастырылды. Қауіп-қатер деңгейі жоғары және орташа мердігер ұйымдар қызметкерлерінің 90%-ы қамтылды. «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы тәртіптік жауапкершілік және салдарды басқару моделі» бойынша хабардарлықты арттыру сессияларын өткізу КПО басшылығы үшін, басшылар Компания бойынша «Салдарды басқару моделін» енгізуге ықпал ететіндей жалғастырылатын болады.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы көшбасшылық және мәдениет

ЕҚ және ҚТ мәдениетін арттыру үшін кәсіпорынның барлық бөлімшелері бірігіп жұмыс атқару қажет. Әдетте, тиімді басшылығы бар топтар жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Осыған орай, оператор компаниялардың қолдауымен КПО ЕҚ және ҚТ бойынша Көшбасшылық және тәлімгерлік бағдарламасын әзірледі, ол жобаларды жүзеге асыру директоратында алғаш рет енгізіліп, кейіннен өндірістік директоратта іске қосылды.

Бағдарламаны жүзеге асыру 2021 жылы жалғастырылды. Ұңғыма операциялары бөлімінің, жобаларды жүзеге асыру директоратының және олардың мердігер ұйымдарының қызметкерлері үшін «Коучинг, қатысу және араласу» курстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ҚТ бойынша корпоративтік мәселелер бөлімінің қолдауымен KMG-Parker Drilling мердігер ұйымы өз қызметкерлері арасында шеберлер бригадасына арналған «Жұмысты тоқтат» оқыту бағдарламасын енгізді. Әлеуметтік жобалар бөлімі бастамасы бойынша ҚТ жөніндегі корпоративтік мәселелер бөлімі Орал қаласындағы әлеуметтік жобалар бөлімінің мердігер ұйымдары басшыларына коучинг, қатысу және араласу бойынша шағын таныстыру сессияларын өткізді.

Жұмыс орындарында басшылықтың болуы

Компанияның жоғары басшылығымен және нысандар/бөлімдер жетекшілерімен ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексеріп шығу бағдарламалары ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жалпы көрсеткіштері мониторингі, және КПО саясатына, заңнама талаптарына және озық сала тәжірибесіне сәйкес үздіксіз жақсартуға бағытталған әрекеттерді үйлестіру мақсатында КПО-ның барлық жетекшілеріне жұмыс алаңдарына бару мен жұмыскерлермен өзара әрекеттесу қажеттілігін белгілейді.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тексерулері екі деңгейде өткізіледі: КПО директорлары мен басқарушыларының, сондай-ақ мердігер ұйымдар басшыларының қатысуымен жоғары басшылық тексерулері, және Компанияның орта буын жетекшілерінің тексерулері.

2021 жылы жоғары басшылықтың қатысуымен 127 ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тексеруі жүргізілді, жоспар бойынша оның саны 70 болған (жоспар 181%-ке орындалды).