Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету
- /
- Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету жүйесінің құралдары
Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету жүйесінің құралдары
Өндіріс тұтастығын басқару жүйесі ірі ауқымды авариялардың туындауын болдырмау және Қарашығанақ кен орнында жұмыс істейтін ҚПО қызметкерлері, мердігерлері мен қосалқы мердігерлері арасында объектінің тұтастығын және технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы хабардарлықты арттыру жөніндегі шаралар кешенін білдіреді.
Нысанның тұтастығын басқару жүйесі келесі негізгі процестерден тұрады:
- Кедергілерді басқару-құрылымдық процесті қолдану және кедергілер моделі арқылы қолдау арқылы;
- Өндіріс тұтастық көрсеткіштерін талдау-тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін пайдалану арқылы;
- Өзгерістерді басқару дерекқорын пайдалану арқылы қолданыстағы объектілерді өзгертуге арналған өзгерістерді басқару жүйесі.
- Апатсыз өндірісті қамтамасыз ету — талдаулар, аудиттер, тексерулер мен бағалаулар жүргізу арқылы;
- Өндіріс тұтастығын жақсарту мәдениеті бойынша бастамалар-механикалық ажырату рәсімі, технологиялық қауіпсіздік негіздері және кедергілер моделі процесі бойынша электрондық оқыту модульдерін әзірлеу арқылы.
2021 жыл ішінде Компания объектінің тұтастығын қамтамасыз етудегі негізгі тәуекелдерді немесе кедергілерді жою бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Бұдан әрі кестеде 2021 жылы аяқталған іс-шаралар және жалғасатын іс-шаралардың ағымдағы мәртебесі берілген. Аяқталған іс-шаралар ГКДҚ-3 тәуекелін төмендетуге мүмкіндік берді және технологиялық қауіпсіздік бойынша кейбір процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етті.
Сондай-ақ, ағымдағы іс-шаралар технологиялық жабдықтың герметикалығымен және бүкіл кен орны бойынша тұтануды басқарумен байланысты тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.
Объектінің тұтастығын қамтамасыз етудегі негізгі тәуекелдерді немесе кедергілерді жою жөніндегі іс-шаралар
Тосқауыл түрі — сипаттамасы — орын алған жері | Өндіріс тұтастығын қамтамасыз етудегі үздіксіз жетілдіру шаралары |
2021 ЖЫЛЫ АЯҚТАЛҒАН ШАРАЛАР | |
Технологиялық жабдық қымтаулылығы — тұтастығы бұзылған 9 ыдыс & тозған бөлінген газ компрессорлары — ГКДҚ-3 | Өткен жылдары өндірістік алаңдар инспекциясы кезінде тұтастығы бұзылған 9 ыдыс анықталды. Олар 2021 жылғы күрделі жұмыстар барысында ауыстырылды. ГКДҚ-3-дағы аса қауіпті аймақтардың бірі ретінде тұтастық мәселелері бар бөлінген газ компрессорлары анықталды. Олар 2021 жылы пайдаланудан алынып тасталды. |
Виртуалды тосқауыл — Қауіпсіздіктің негізгі элементтері (ҚНЭ) — ҚӨК/ҚГӨША | ҚӨК-гі ҚГӨША жобасы аяқталды, және өндіріс бөліміне тапсыру процесінің шеңберінде көпбейінді топ ҚГӨША жобасының тиісті ҚНЭ сәйкестендіру жұмыстарын жүргізді. |
Виртуалды тосқауыл — Механикалық ажырату процедурасы — ГКДҚ-2 мен ГКДҚ-3 | КПО процедураларының сақталуын тексеру үшін механикалық ажырату процедурасына бағалау жүргізілді. |
Виртуалды тосқауыл — Қорғау жүйелерін айыру және кіріс және шығу сигналдарын блоктау — Үлкен Шаған, Атырау терминалы, ҚӨК және ГКДҚ-2 | КПО процедураларының сақталуын тексеру үшін Қорғау жүйелерін айыру және кіріс және шығу сигналдарын блоктау процедурасына бағалау жүргізілді. |
2021 ЖЫЛЫ БАСТАЛЫП 2022 ЖЫЛЫ ОРЫНДАЛЫП ЖАТҚАН ШАРАЛАР | |
Технологиялық жабдық қымтаулылығы — кіші көлемді ССК — кен орны аумағы | Жобалау бөлімі жүргізген қауіпсіздік элементтерін талдау жұмыстарының нәтижесінде өндірістік нысандардағы ықтимал кіші көлемді ССК анықталды. Кіші көлемді ССК анықталды, салдарларды азайту шаралары қолданылды, жобалау және сатып алу жұмыстары басталды, 2022 жылғы күрделі жөндеу жұмыстары барысында ауыстырылады. |
Технологиялық жабдық қымтаулылығы — Тыйым салынған материалдары бар клапандар — кен орны аумағы | Тыйым салынған материалдары бар клапандар тізімін жасақтау үшін өндірістік алаңдар инспекциясы жалғасуда. 2021 жылы бірнеше клапан ауыстырылды, қалғаны 2022 жылғы күрделі жөндеу жұмыстары барысында ауыстырылады. |
Тұтандыруды басқару — Жарылыстан қорғалған (ЖҚ) жабдық — кен орны аумағы | Барлық нысандарға қатысты ЖҚ элементтерін тексеру нәтижесінде сертификаттау мен техникалық қызмет көрсетудегі кейбір кемшіліктері бар жабдықтар анықталды. Өндірістік алаңдар инспекциясы аяқталды, аса маңызды элементтер жөнделді/ауыстырылды, қалған жұмыс көлемі қарастырылуда. |
Тосқауылдар моделі
2021 жылы КПО өндірісінің тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі кедергілерді жедел басқарудың жаңа бағдарламалық жасақтамасын енгізу бойынша жұмыс жасады. Кедергілердің жаңа моделі операциялық деректерді кеңінен қолдана отырып, кедергілерді басқару процесінің ашықтығы мен тиімділігін жақсарту үшін Бағдарламалық жасақтамаға қойылатын талаптарға сәйкес орнатылды. Барлық жаңа жобалар кедергілер моделінен өтіп жатыр, мысалы, етік сияқты жоба 2021 жылы жүзеге асырылды.