ҚазРусEng

Тұрақты даму

ЕҚ, ҚТ және қоқ мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру құралдары

2021 жылы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша барлық келесі қызметтерді қамтитын жаңа ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы коммуникациялар бойынша іс-шаралар жоспары енгізілді: Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндіріс тұтастығы басқармасы, өндірістік директораттың ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімі, жобаларды іске асыру директоратының құрылымындағы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімі, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы барлық іс-шараларды, оның ішінде алдағы және ағымдағы шараларды, кездесулерді, жоспарларды үйлестіру үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі корпоративтік бөлім. Бірлескен күш арқылы кесте бойынша жоспарланған іс-шаралардың 97%-ы орындалды.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы коммуникациялар бойынша іс-шаралар жоспары аясында 2021 жылдың желтоқсан айында КПО жоғары басшылығының қатысуымен ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелері бойынша форум өткізілді. КПО жоғары басшылығы мен 54 мердігер ұйымдарының өкілдері гибридті түрде қатысты — қатысушылардың бір бөлігі форум өтетін жерде қатысса, екінші бөлігі онлайн режимінде қосылды. Форумның мақсаты ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ көрсеткіштерін бірлесіп қарастыру, тәжірибе алмасу және қауіпсіздік мәдениеті мен оның элементтері туралы, Қарашығанақ жобасының «Қауіпсіздік мәдениеті сатысының» қай деңгейінде тұрғаны және одан әрі дамыту үшін не істеуге болатыны туралы талқылау болды.

Өткен жылы «Оқиғалардан алынған сабақтар» жаңа дерекқоры іске қосылды, онда әрбір адам КПО ішкі оқиғалары бойынша да, сыртқы көздер оқиғалары бойынша да алынған сабақтардың мұрағатын, сондай-ақ түрлі ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тақырыптарына пайдалы «Қауіпсіздік бойынша қысқаша ақпараттарды» таба алады. Жаңа дерекқорда кеңейтілген іздеу жүйесі бар, ол белгілі бір параметрлер бойынша нақты жағдайды табуға мүмкіндік береді (мысалы, «Өмірлік маңызды ережелер» немесе жарақат түрлері, шаралар және т.б.).

КПО COVID-19 вакцинациялау бағдарламасын насихаттау және өрлету мақсатында вакцинацияланған қызметкерлерге вакцинация тәжірибесімен бөлісу және мотивация беру ұсынылды. Барлық оқиғалар компьютер экрандарында «қалқыма хабарламалар» арқылы көрсетілді.

«Ақсай радиосымен» бірігіп, біз халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Ақсай қаласы балалары арасында жол қозғалысы қауіпсіздігіне назар аударту мақсатында суреттер байқауын өткіздік. Марапаттау радио эфирінде және Instagram әлеуметтік желісінде өтті. Бұдан бөлек, КПО қызметкерлері танып білу, әрі талқылау үшін «Қауіпсіздік үйден басталады» тақырыбына презентация ұсынды. Онда балалар күнделікті өмірде кездестіруі мүмкін қауіп-қатерлер және қауіпті әрекеттердің кері салдарын болдырмау жөнінде кеңестер берілген.