ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қызметкерлердің сырқаттануын бақылау

КПО қызметкерлеріне кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсету және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде ұсынылатын қызметтерге қосымша медициналық қызметтерді жабатын медициналық сақтандыру бойынша жеңілдік беріледі. Медициналық сақтандыру пакеті амбулаториялық-емханалық көмектен бастап, стационарлық көмекке және дәрі-дәрмектер мен стоматологиялық ем алуды өтеуге дейінгі бірқатар қызмет түрлерін қамтиды. Созылмалы аурулары бар қызметкерлер тұрақты тексерулер мен емдеу үшін диспансерлік бақылауға жіберіледі. GRI 403-6

Жұмысқа жарамдылық

ҚР заңнамасына сәйкес жұмысқа жаңадан қабылданған барлық тұлғалар медициналық тексеруден өтуі, сонымен бірге жұмысы қауіпті факторлардың әсер ету қауіп-қатермен байланысты қызметкерлер жыл сайын мерзімді медициналық тексеруден өтуі тиіс. КПО денсаулық сақтау бөлімі осы жұмысқа басшылық жасап, бақылайды.

Жұмысқа жарамдылықты анықтайтын міндетті медициналық тексеруден өту талаптары барлық қызметкерлер үшін бірыңғайландырылды. Енді медициналық тексеру белгілі бір кезеңге байланысты емес, яғни қызметкерлер өткен медициналық қорытындының қолданылу мерзімі аяқталғанда тексеруден өздеріне ыңғайлы уақытта өтуі мүмкін. Процедураның өзі IOGP нұсқаулығы талаптарына сәйкестендірілген. КПО-да бұл қызметті тиісті рұқсаты бар мердігер атқарады.

Компания кен орнында жұмыс істейтін кеңсе қызметкерлеріне міндетті медициналық тексеруден басқа, тегін профилактикалық тексеруді ұйымдастырады. Бұл скрининг адамның денсаулық жағдайын анықтауға және ауруды бастапқы кезеніңде анықтауға көмектеседі. Бұл тексерудін нәтижелері жұмыс берушіге тапсырылмайды және де қызметкердің жұмысқа жарамдылығын анықтау үшін пайдаланылмайды. GRI 403-6

Денсаулыққа төнетін қауіп-қатерді бағалау

Денсаулыққа төнетін қауіп-қатерді бағалау (ДТҚБ) Компаниядағы денсаулық сақтау жүйесінің негізгі аспектісі. Барлық өндірістік қызметтер жүйелі түрде талдаумен және қайта бағалаумен ДТҚБ-дан өтеді.

КПО-да қауіп-қатерлерді бағалау өндірістік факторлардың әсер етуінің ұқсас типтері бар лауазымдарға қолданылады және бағаланатын бөлімшенің өкілінен, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ және еңбекті қорғау және гигиенасы саласындағы мамандардан тұратын алқалы топпен қарастырылады. Тікелей басшылық денсаулыққа төнетін қауіпті бағалауда анықталған қауіптерді азайту шараларын жүзеге асырады, бұл шаралардың орындалуы Synergi мәліметтер базасы арқылы бақыланады.

2019 жылы «Шелл» құрушы компаниясының сарапшылары КПО-ның өнеркәсіптік гигиена қызмет жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін талдады. Ұсыныстардың біреуі зиянды факторларды толығымен қамту мақсатында, және олардың сандық бағалауы мен қауіп-қатерді нақты саралау мақсатында денсаулыққа төнетін қауіп-қатерді бағалау әдістемесіне өзгертулер енгізу болды.

2020 жылы ДТҚБ жұмысы негізінен сұраныстар бойынша жүргізіліп, жұмыс орнындағы эргономиканы бағалауды қамтыды.

Кәсіби аурулар

Мұнай кәсіпшілігі жұмыстары денсаулыққа байланысты қатерлерді анықтауды, бағалауды және басқаруды талап ететін бірқатар зиянды факторлары (күкіртті сутек, химиялық реагенттер, Шу мен діріл, климаттық факторлар, биологиялық, психоәлеуметтік факторлар және т.б.) бар қауіпті өндіріс болып табылады. КПО-дағы бұл процестер жақсы жолға қойылған және бақылаудың сенімді тетіктерін қамтамасыз етеді.

2013-2021 жылдар аралығында КПО-да кәсіби аурулар анықталмады.

Қызметкерлердің жұмыс орнында денсаулыққа байланысты болмауын қадағалау

Денсаулық сақтау бөлімі қызметкерлердің жұмыс орнында денсаулыққа байланысты болмауын бақылайды және талдайды.

Медициналық сақтандыру қызметтерін жеткізуші КПО Денсаулық сақтау бөліміне емдеуге жатқызылған науқастар және олардың денсаулық жағдайының динамикасы туралы күнделікті есеп береді. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау бөлімі уақытша еңбекке жарамсыздық парағын талдау арқылы уақытша еңбекке жарамсыздықтың болуын бақылап, кейін тенденцияларды анықтау үшін қолданады. Медициналық сақтандыру қызметтері КПО мен кәсіподақтар арасында жасалған Ұжымдық шарттың бөлігі болып табылады.

2021 жылы қызметкерлердің болмау көрсеткіштері денсаулық жағдайы бойынша өткен жылмен салыстырғанда аздап төмендеді.

КПО жұмыс орнында болмау көрсеткіші, 2015-2021 жж.

Ескерту:
КПО жұмыс орнында болмау көрсеткішін есептеу үшін келесі әдіс қолданылады:

  • Жұмыс орнында болмау көрсеткіші = жұмыс орнында болмау салдарынан (ауруға шалдығу) жоғалған күндердің нақты саны х 100 / қызметкерлердің жалпы саны. Басқа себептер бойынша жұмыс орнында болмаған күндер туралы ақпарат жоқ.
  • КПО-да жұмыс орнында болмау көрсеткіші қызметкерлердің саны негізінде (адам-сағат емес) есептеу әдістемесі қабылданған, өйткені бұл әдістеме реттеуші органдардың талабы болып табылады.

2019 жылы Компанияда жаңа тәжірибе енгізілді. Егер қызметкердің есепті жыл бойы үш немесе одан көп еңбекке жарамсыздық парағы болса, онда ол денсаулық сақтау бөлімінің кәсіби патология дәрігерімен денсаулығының жағдайын талқылауға шақырылады. Кәсіби патология дәрігері қызметкердің қалауынша және қажет жағдайда терең тексерудің түрлерін ұйымдастыру бойынша немесе Қазақстанның мамандандырылған клиникаларында емделу туралы ұсыныстар жасайды. Бұл тәжірибе ерікті түрде жүргізіледі.