Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Энергиялық тиімділік
- /
- Тәжірибелер үлгісі
Тәжірибелер үлгісі
Бұл бөлімде біз экологиялық хабардарлықты арттыру мақсатында мүдделі тараптардың қатысуы бойынша тәжірибелер үлгілерін ұсынамыз.
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ: | |
| 2021 жылы КПО «Жасыл» кеңсе қағидаттарын енгізу бойынша жұмысын жалғастырды. «Жасыл» қағидаттарды іске асыру экологиялық мәдениетті қолдап, арттыруға, қызметкерлердің экологиялық мәселелердің маңыздылығын түсінуіне және қоршаған ортаға саналы түрде қамқорлық жасауына ықпал етеді.
Сонымен қатар, «Жасыл» кеңсе тұжырымдамасы қызметкерлерді волонтерлік жобаларға қатысуға және экологиялық әдеттерді дамытуға ынталандырады. |
Мақсаты: | «Жасыл кеңсе 2021» бағдарламасының міндеттері:
|
Жағдайдың шешімі / қолданылған әрекеттер: | 2021 жылы «КПО Жасыл кеңсесі» пилоттық жобасын іске асыру бойынша нысаналы топқа Орал қаласындағы «Құрманғазы» кеңсесі мен Ақсай қаласындағы «Қарашығанақ» бизнес орталығы кірді. Аталмыш кеңселерде кейіннен қайта өңдеуге тапсыру мақсатында пластикалық қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесі енгізілген болатын.
Бұл жоба түрлі тренингтерді өткізу және эко-еріктілер командасын құру арқылы іске қосылды. 2021 жылы Компанияның 200-ден астам қызметкері экологиялық тренингтен өтті, атап айтқанда:
Таңдалған кеңселердің экологиялық тиімділігін бақылау мақсатында төмендегідей көрсеткіштер анықталды:
|
Нәтижелері: | 2021 жылдың желтоқсан айында КПО компаниясы «Жасыл кеңсе — 2021» II Республикалық байқауының өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін номинациясында жеңімпазы атанды.
«Жасыл кеңсе 2021» байқауы «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясының бастамасымен, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің және ЕҚЫҰ бағдарламалық кеңсесінің қолдауымен өткізілді. Аталмыш сайыстың міндеттері экологиялық өмір салтын, «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды насихаттау, қоршаған ортаға зиянсыздықты арттыру, озық тәжірибені және технологиялық шешімдерді тарату, сондай-ақ қоршаған ортаға тілектестік негізіндегі қарым-қатынасты қалыптастыру үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға жәрдемдесу болып табылады. Аталған байқауға 100-ден астам ұйым қатысты.
2022 жылы «Жасыл» кеңсе қағидаттарын енгізу бойынша жұмыстар компанияның басқа да кеңселерінде жалғасын таппақшы.
«Жасыл кеңсе» жобасы бірінші кезекте сәнді әлеуметтік тренд ғана емес, бұл — адамдар мен ұйымдар қызметінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту қажеттілігі. |