ҚазРусEng

Тұрақты даму

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталар бағдарламасы GRI 102-11 (2-23), 103-3 (3-3), 403-2, 403-4

2021 жылдың ақпан айында «Аптаның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы» жаңа бастамасы енгізілді. Апта сайын ай сайынғы және тоқсан сайынғы марапаттауларда жүлделі орындарға ие болған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталар қатарынан бір бақылау картасы таңдалып, жарияланып тұрады.

Бұл бастаманың мақсаты қызметкерлерді Компания нысандарындағы нақты бақылаулар үлгісінде оқыту болды:

  • Қауіпті жағдайларды және/немесе әрекеттерді қалай анықтауға болады және не нәрсеге ерекше назар аудару қажет,
  • Қалай дұрыс араласуға және анықталған қауіптерді сол орында жоюға болады,
  • Бақылау түрлерін қалай ажыратуға болады.

2021 жылы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталар сапасын жақсарту жөнінде үлкен ақпараттық науқан өткізілді. 2021 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына тартылған КПО мердігер ұйымдарының барлық қызметкерлері үшін ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары бағдарламасы бойынша қайта оқыту жүргізілді. Науқан аясында барлық КПО нысандары мен мердігер ұйымдар арасында оқу плакаттары мен кітапшалар таратылды, сонымен қатар «қалқыма терезелер» әзірленіп, енгізілді.

2021 жылдың желтоқсанында КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары бағдарламасының 10 жылдығын атап өтті. Салтанатты рәсім онлайн түрде КПО жоғары басшылығы, қызметкерлер мен мердігер ұйымдардың өкілдері қатысуымен өтті. Рәсімнің мақсаты 10 жылдық жұмысты қорытындылау және ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары бағдарламасына қатысқан, әрі оның дамуына үлесін қосқан қызметкерлерді марапаттау болды.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары бағдарламасын жүзеге асырудағы 10 жыл ішіндегі негізгі жетістіктер:

  • КПО мен мердігер ұйымдардың 10 мыңнан астам қызметкерлері ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталар бағдарламасына қатысып, 184 мың бақылау жасады.
  • Жауапты тұлғалар қауіпті жағдайларды жою бойынша 106 мыңнан астам түзету шараларын қолданды.
  • 20 мыңнан астам қауіпті іс-әрекетке араласу тіркелді.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталар бағдарламасының белсенді қатысушылары бірнеше рет КПО бас компаниялары байқауларының жеңімпаздары атанды. Мысалы, 10-нан астам КПО қызметкерлері BG Group компаниясының «Алтын каска» марапатына ие болды, үш қызметкер Shell компаниясының «Goal Zero Hero» (жарақат пен оқиғаларсыз жұмыс) марапатына ие болды, және де бір қызметкер Eni компаниясының «HSE Champion Award» (ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша чемпион) марапатына ие болды.

2021 жылы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары бағдарламасының жұмыс нәтижелері бойынша:

  • 3 402 қызметкер қатысып, 24 279 бақылау жасалды;
  • Аса ауыр оқиғалардың алдын алу мақсатымен тергеу жүргізілген 25 ықтимал қауіпті жағдай туралы хабарланды;
  • 2 204-тен астам араласу орын алып, түзету әрекеттері белгіленді, олардың 97%-ы жыл соңына дейін орындалды;
  • 139 жаңа КПО қызметкерлері ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталар бағдарламасы бойынша оқытудан өтті;
  • 72 мердігер ұйымдар 15 714 бақылау жасады, бұл барлық карталардың 65%-ын құрады.